Жұма, 24 Наурыз, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысы жайқала түспек

26 Қараша, 2022
Жетісу облысы жайқала түспек
4
БӨЛІСУ
47
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облыстық мәслихатының сессиясында Облыстың 2025 жылға дейінгі даму жоспары талқыланып, бекітілді. Онда «Азаматтардың игілігі», «Өмір сүруге қолайлы әрі қауіпсіз аймақ», «Қуатты экономика» атты негізгі үш бағыт қамтылды. Облыстың даму жоспарын толық іске асыру барысында 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнім 1,7 трлн. теңгеден асады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда, стратегиялық даму жоспарында еліміздің 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында белгіленген жалпыұлттық басымдықтар мен міндеттер, сол сияқты 10 Ұлттық жоба іс-шаралары мен көрсеткіштері қамтылған. Әр бағыт бойынша мақсаттар мен индикаторлар белгіленген. Мұндағы барлығы 13 мақсат пен 123 мақсатты индикатор қолданыстағы ұлттық жобаларға өзгерістер енгізілуіне қарай жандана түседі деп межеленіп отыр.

Басқарманың хабарлауынша, барлық мақсатты индикаторларда облыстың мүмкіндіктері мен перспективалары өзара үйлестірілген, қазіргі кезде алдағы мақсатқа жету жолдары мен оған қажетті ресурстар есептелуде.
Жалпы Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын толық іске асыру барысында 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнім 1,7 трлн. теңгеден асады. Өңдеу өнеркәсібінде облыстың аудан, қалаларында 30 жедел және инвестициялық жоба және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында 24 жоба жүзеге асырылады.

Жыл сайынғы мемлекеттік қолдаулардың арқасында Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоспары шеңберінде 220-ден астам жобаны қаржыландыру жоспарланған, соның ішінде 108 жоба субсидияланады, 88 жоба бойынша кепілдік беріліп, 25 жобаға грант беріледі.
Басымдық берілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы кеңейтіледі, сөйтіп 2025 жылға қарай қант қызылшасы алқабының көлемі 12,2 мың гектарға дейін жеткізіледі, сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникаларының саны 600-ден асады деп жоспарлануда. 16 мың га суармалы жер айналымға енгізіліп, 30 мың гектардан астамы қайта қалпына келтіріледі.

4 жылда 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй, 827,6 км инженерлік инфрақұрылым желілері салынады.

Туризм саласында Туристендіру картасына енгізілген аумақтардағы жобаларды іске асыру көзделіп отыр. Олар – Алакөл, Балқаш жағалаулары, «Алтынемел», «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Жоңғар Алатауының етегінде орналасқан Текелі тауы.

Жалпы 2025 жылға дейін туризм саласына 79,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, туристер легі 2,4 млн. адамнан асады деп межеленуде.
Денсаулық сақтау саласында облыс көлемінде 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пункт салынады, алғашқы медициналық санитарлық көмек құрал-жабдықтарымен қамту 2025 жылға қарай 100% жетеді. Халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 75 жастан асуы тиіс.

Білім беруде оқушы орындарының жетіспеушілігін болдырмау және бейімделген мектептер санын азайту мақсатында 25 жаңа мектеп салу жоспарланған.

2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамту көрсеткіші 89,4%, ал 3-6 жастағыларды қамту 100% болмақ.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен орталық су жүйесімен қамту 100% жеткізіледі, ал жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесі 98%, газдандыру деңгейі 52% жетеді.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық орындарға 585 бейнебақылау камерасы орнатылып, тұрғын үймен біріктірілген 16 учаскелік полиция пункті ашылады, 8 елді мекенде су тасқыны қаупінен қорғау шаралары атқарылады, 33 өрт сөндіру посты құрылады.

Бұдан бөлек 2025 жылға қарай мемлекеттік органдардың қызметі 100% автоматтандырылып, электронды форматқа көшіріледі, бұл қызмет алу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сөйтіп Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарындағы іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігі артып, соған сәйкес халықтың өмір сүру сапасы да жақсарады деп күтілуде.

Алдыңғы мақала

«Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» Жаркент өңіріне тың серпін бермек

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Жаңа Қазақстанда» жемқорлыққа жол жоқ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
688
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
677
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
483
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
464
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
365
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
364
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
276
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
267
Суан Назар батыр қайда жерленген?

Суан Назар батыр қайда жерленген?

21 Наурыз, 2023
229

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.