Жексенбі, 2 Сәуір, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қазақ қымыздың дәмін ұмытып бара ма?

4 Қараша, 2022
Қазақ қымыздың дәмін ұмытып бара ма?
1
БӨЛІСУ
10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Баяғы бір жылдары Германиядан қымыз өндіруші Ганс Цольман деген неміс азаматы келіп, Алматыда халықаралық конгреcс өткізіп, қазақтарға қымыз жайлы дәріс оқып берді.

«Қазақтарға менің өндірген қымызым ұнайтынына мақтанамын. Германияда 50 жылдан бері қымыз өндірушілер одағы жұмыс істейді. Германия арқылы бие сүтін өндіру идеясы Еуропаның басқа да ел­деріне тарап отыр. Қазір қымызды бізден көріп Австрия, Голландия, Италия мемлекеттері өндіре бастады. Сіздер қымызды тек сусын ретінде пайдаланасыздар. Ал мен болсам, қымыздан әйелдерге арнап иісмай, косметика жасап, балаларға балмұздақ дайындап беремін. Мен сіздерге қымызды өндіруді үйретуге дайынмын», – деген болатын Германиялық қымыз өндіруші Ганс Цольман.

Міне, осылайша, санғасырлық құн­ды­лығымызды сақтап, дәріптей алма­ған­дығымыздан ұлттық сусынымыз жат елдің меншігіне айналып отыр. Сонда, біз ұлттық өнімімізді жат жұрттықтарға беріп қойып, қарап отыруымыз керек пе? Бұл елдігімізге сын емес пе? Қымыз біздің 6 мың жылдық тарихы бар бірегей сусынымыз. Әйгілі Геродоттың: «Көшпенді сақтардың сүйікті сусыны – бие сүті. Оны олар ерекше тәсілмен дайындаған және қымыз дайындау тәсілін құпия сақтаған. Егер оның құпиясын біреу ашса, екі көзін ағызып жіберетін болған» деген екен. Осы сөздерден-ақ қымыздың қазақ үшін қаншалықты құнды екенін аңғаруға болар. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан мұра болып келген бұл игілік бағаланып, атадан балаға мирас болып келді. Ал қазір неге жалғасын таппай қалды? Якутияда (Саха Республикасы) қымыз туралы арнайы заң бар екен. Тіпті көрші Ресейдің өзінде қымыз өндіретін 80-нен астам фирмалар болса, тек қана қымызбен ем­дейтін 48 санаторий бар көрінеді. Ал бізде ше? Қазақтың ұлттық сусынына деген сұраныс қандай?

«1919 жылы Қазақстан терри­то­риясында 16 миллион жылқы болған. Ал қазір бар-жоғы 1,5 млн ғана қалды. Өйт­кені Сталин мен Голошекин қазақтың рухын сындырып, кең даласын тартып алу үшін ең алдымен біздің бабаларымызды жыл­қыдан айыру керек болды. Ет ком­бинаттары ашылып, төрт түлігіміз қынадай қырылды. Одан кейін шекарамыз айқара ашылып, елімізге шетелдің арақ-шарап, сыра, кока-кола, пепси-кола секілді түрлі бояу қосылған газдалған сусындары қап­тады. Осылайша, ұлттық сусындарымыздан ажырап қалдық. Қазіргі кезде қасиетті сусындарымыз ас бергенде немесе өлім-жітімде ғана қойылатын болды. Енді-енді кей жерлердегі той-думандардың дас­тарқан мәзірінде қымыз қойыла бастады. Бірақ, өкінішке қарай, әлі де дастар­қанымыздан арақ-шарап, түрлі газдалған сусындар түспей тұр. Неге? Өйткені олар­дың жарнамасы күшті. Қазір Австралия кока-коланы жарнамалауға тыйым салып, оның зиян екендігін жұрт­шылыққа түсін­діруде. Неге бізге де адам денсау­лығына зиян келтіретін газдалған сусындардың жарнамасына тосқауыл қойып, оның орнына табиғи сусын­дары­мыздың жар­намасын күшейт­песке? Сонда ұлттық сусынымызға сұраныс артып, халық денсаулы­ғы­ның, демогра­фия­мыздың жақ­саруы­на оң әсер етер еді. Сондай-ақ ауыл-ауылдарда қымыз өнді­ретін зауыттар ашылып, жас­тарымыздың жұмыс істеуіне мүмкіндік болар еді», – дейді белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила.

Шынында да, елімізде арақ-шарап, газдалған сусындар, сыраханалар қаптап кетті. Ал ұлттық сусындарымыз – қымыз бен шұбатты қала тұрмақ, ауылдан табу қиынға соғып барады. Қазір интернеттегі мәліметтерге сүйенсек, елімізде жылына 4 млн 800 мың литрге жуық сыра өндіріледі екен. Ғалымдардың дәлелдеуінше, егер ерлер сыраны көп ішсе, оның еркектік гормондары әлсіреп, бойында әйелге тән қасиеттер пайда болады екен. Ал әйелдер көп ішсе керісінше, еркектік гормондары көбейіп, сәби дүниеге әкеле алмайтын жағдайға жетеді екен. «Қазір Еуропа елдерінде «көгілдірлер» мен «лес­биян­калардың» көбеюі сыраның салдарынан болуы мүмкін», – дейді кейбір ғалымдар.

«Мен қымыз төңірегінде көптеген еңбектер жаздым. Тіпті докторлық дис­сертациям да қымыз бен шұбатқа ар­налған. Негізі, сүт екі топқа бөлінеді. Бірі – казеиндік сүт болса, екіншісі, альбуминді сүттер тобы. Мәселен, қойдың, ешкінің, сиырдың, түйенің сүттері казеиндік сүттер тобына кіретін болса, альбуминді топқа ананың сүті мен биенің сүті ғана кіреді. Демек, бие сүті – ананың сүтімен пара-пар деген сөз. Альбуминді сүттердің казеиндік сүттерге қарағанда құрамы айрықша болады. Мұның асқазанға күш түсірмей, ас қорыту жүйесіне пайдасы өте зор.  Құрт ауруына бірден-бір ем. Сонымен қатар өкпе ауруларын емдеуде, қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз ететіні, қандағы қызыл қан түйіршік­терімен (эритро­цит) гемоглобин синтезіне әсер ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшей­тетіні анықталған. Бие сүтінде кездесетін ақуыздар, майлар, көмірсутегілері басқа сүттерге қарағанда ерекше болып келеді. Бұл бие сүтіндегі ғылыми дәлелденген қасиеттердің бір парасы ғана. Ал оның зерттелмеген, ашылмаған тұстары өте көп. Сондықтан қымызды зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу орталығын ашуымыз керек. Қазір Германия бұл төңіректе көптеген жұмыстар жасап жатыр. Ал біз әлі күнге бие сүтінің адам денсаулығы үшін пайдасы мол екенін зерделеп, зерттеуді өз деңгейінде жүргізе алмай келеміз», – дейді қымыз зерттеуші, медицина ғылымының докторы, профессор Абай Жанғабылов мырза.

Қалай десек те, арақ-шарап, сыра, кола дегендерден біржола арылып, (олар­дың зиян екендігін бәрі біледі), қош иісті, дертке дауа, жанға шипа болар ұлттық сусындарымызды пайдаланып, тұтынатын кез әлдеқашан келді. Енді кафе-мей­рамханалар, түрлі тамақтану орын­дары­ның иелері жұртшылықтың арақ-шарап, сырадан жалығып, шаршағандығын түсі­ніп, өздерінің ас мәзіріне ұлттық тағамдар мен ұлттық сусындарды енгізіп қойса қандай тамаша болар еді. Әйтпеген күнде ұлтымыз ұлттық сусыны болған, қырық түрлі ауруға ем қасиетті қымыздың дәмін де ұмытуға айналды.

Серік ЖҰМАБАЕВ

Алдыңғы мақала

МЕКТЕП vs АТА-АНА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ: ҮРЕЙЛІ ҮШ КҮН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
694
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
683
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
487
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
471
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
375
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
373
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
279
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
268
«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

26 Наурыз, 2023
249

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.