Жұма, 24 Наурыз, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

МЕКТЕП vs АТА-АНА

4 Қараша, 2022
МЕКТЕП vs АТА-АНА
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Шыны керек, қазір ата-аналардың көбі бала тәрбиесін мектеп мұғалімдеріне ысырып қойған тәрізді. Балалар арасында түрлі келеңсіздіктер орын алып жатса, дереу мектеп пен ұстазды кінәлап жататындар бар. Тіпті ең ақыр аяғы бала үйінде өз-өзіне қол жұмсаса немесе жолда келе жатып көлік қағып кетсе де, оған мұғалімдерді кінәлаймыз. «Өйткені, ұстаз неге баланың жан дүниесіне үңілмеді, суицид жасаудың дұрыс емес екендігін неге айтпады, жол ережесін неге үйретпеді?» деп сынаймыз. Бұл қаншалықты дұрыс? Оған тек мұғалім ғана емес, ата-ана да жауапты болуы тиіс емес пе? Сондықтан кейбір ұстаздар қауымы осындай келеңсіздіктер туындамас үшін ата-ана мен мектеп арасында арнайы келісім шарт болуы керек дегенді алға тартуда. Шынында да осындай шарт түзу жағдайды жақсартуға сеп бола ма?

«Қазір ата-аналар бала тәрбиесін мектеп мұғалімдеріне артып тастаған. Себебі, олардың баланы тәрбиелеп, бақылап, қадағалап отыратын уақыты жоқ. Таңертеңнен кешке дейін жұмыста болады. Бірақ ертең оқушы мектепте төбелесіп қалса, жанжалдасып қалса, жағасын жыртып келсе немесе сабақтан екі алатын болса, ата-ана дереу мектепке келіп дау шығарып жатады. Бұған тек мұғалімдерді ғана кінәлайды. Егер оқушы нашар оқыса оған неге тек мұғалім жауапты болуы тиіс? Сонда ата-ананың жауапкершілігі қайда? Мәселен, бала өз үйінде сабаққа дайындала ма, жоқ па, оны мұғалім қайдан біледі? Оны ата-анасы қадағалауы тиіс емес пе? Оған не үшін ұстаз жауап беруі керек? Тіпті кейбір ата-аналар қазақшылыққа салынып, қыдырып келемін деп, баласын үш-төрт күнге алып кете салады. Осы аралықта бала мектеп бағдарламасынан қалып қойып, кейін басқа оқушыларға ілесе алмай жатады. Мұндай кезде баланы себепсіз сабақтан қалдырғаны үшін неге ата-ана жауап бермеуі керек? Сондықтан барлық кінәратты мұғалімдерге арта бермей, ұстаз қай жерде, ал ата-ана қай жерде балаға жауапты екендігін нақтылап алуымыз керек. Сонда ертең келеңсіздік орын алса, ата-ана мен мектеп арасында дау-жалжал туындамас еді. Егер біз мұндай келісім шарт жасамасақ, онда ата-ана мен мұғалімдер арасында түрлі түсінбестіктер орын ала беретін болады. Сондықтан мұны келісім шарт арқылы нақты реттеп, әрқайсысының міндетін, құқығын айқындап алуымыз тиіс. Мысалы бала үйіне мектептен ауырып келсе, ата-ана дереу «мұғалімдер қадағаламаған, мектеп мейірбикелері не қарап отыр?» деп сын тағып жатады. Ал мейірбике болса, «жоқ, ол мектепте емес, өз үйінен ауырып келді» деп басқаша айтады. Сосын тағы да дау туындайды. Осындай келеңсіздіктер орын алмас үшін келісім шартты нақтылап алуымыз керек. Тіпті кейде осындай даулардың ақыры сотқа дейін барып жатады. Егер әлгіндей келісім шарт болатын болса, онда наразылық туындамайтын болады.

Қазір ата-аналардың көбі жиналысқа келмейді. Баласының мектептегі жағдайымен қызықпайды. Сөйтіп отырып мұғалімді кінәлайды.

Бала тәрбиесі біржақты болса, нәтиже күткендегідей болмайды. Сондықтан ата-аналардан өз міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарап, ұрпақ тәрбиесін тек мектепке ысырып қоймағандарын қалар едім.

Мектеп пен ата-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаға тиісті көңіл бөлініп, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқасүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз», – дейді педагогика ғылымының докторы, профессор Ұлжалғас Есназарова.

Ал белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов болса бұл ойға қарсы өз дәйектерін келтірді. «Баланың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы келісім шарт жасап, құжат толтырудың қажеті жоқ деп есептеймін. Бұл жерде тек әркім өз міндетін тиянақты атқаруы тиіс. Ата-ана баланы дүниеге алып келгеннен кейін оның дені сау, тәртіпті болуына, мектепке барып білім алуына жауапты болуы қажет. Ал мектеп мұғалімдері баланың өз деңгейінде білім алуын қамтамасыз етуі тиіс. Егер біз мектеп пен ата-ана арасында арнайы бір келісім шарт жасауға рұқсат берсек, онда ертеңгі күні оны ата-аналар мен мұғалімдер бала тәрбиесін бір-біріне сілтеп, жауапкершіліктен қашу мақсатында пайдалануы мүмкін. Тіпті оларды бір-біріне қарсы қойып алуымыз ғажап емес. Бұл жерде ата-ана да, мұғалім де балаға деген жауапкершіліктен қашпауы қажет. Одан да мұғалім мен ата-ана арасындағы адамгершілік байланысты нығайтуға, бір-бірімен тығыс қарым-қатынаста жұмыс жасауға үгіттеуіміз керек. Сонда ғана біз баланың тәртібі мен қауіпсіздігін қадағалай алар едік. Сондай-ақ, мұның балалар арасындағы қылмыстың алдын алуға да септігі тиер еді. Бұл жерде ата-ананың бала тәрбиесін мұғалімдерге жүктеп қойғаны жөн емес, ең үлкен жуапкершілік бәрібір ата-анада болуы тиіс деп есептеймін».

P.S. Соңғы кездері біз ұлттық дәстүрді, халықтық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіруді ұмыт қалдырдық. Оның ішінде ата-ана мен бала арасындағы қазақи қарым-қатынас, ата-әже мен немеренің арасындағы сүйіспеншілік жойылып барады. Батыс елдері де осы жағдайды басынан өткерген. Онда да ата-аналар азаннан-кешке дейін жұмыста болып, баламен ісі болмай, ал балалар өзімен өзі жүріп, мұның ақыры ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың алшақтауына, тіпті бірін-бірі сотқа беретін жағдайға жеткен. Сондықтан біз бала тәрбиесіне қатысты шетелден жаңа әдіс іздемей-ақ, ұлттық менталитетімізге, ұлттық дәстүрімізге сүйеніп, мектептерде халықтық педагогиканы жаңғыртуымыз қажет. Бұл мәселенің шешілуі тиіс түйіні осы деп есептейміз.

C.АНАРБАЙҰЛЫ

Алдыңғы мақала

«Қаһармандықтың үлгісі»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақ қымыздың дәмін ұмытып бара ма?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
688
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
677
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
483
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
464
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
365
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
364
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
276
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
267
Суан Назар батыр қайда жерленген?

Суан Назар батыр қайда жерленген?

21 Наурыз, 2023
229

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.