Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Азаматтық істерді сотқа тапсыру тәртібі

29 Мамыр, 2026
Азаматтық істерді сотқа тапсыру тәртібі
1
БӨЛІСУ
16
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік сәйкес, азаматтық істерді сотқа тапсыру белгілі бір реттілік пен заңдық талаптар бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтық істі сотқа өткізу төмендегідей кезеңдер мен тәртіппен жүзеге асырылады:

  1. Сотқа дейінгі тәртіпте дауды шешу (Медиация/ Наразылық)

Егер заңда немесе тараптар арасындағы шартта сотқа дейінгі реттеу тәртібі муіндеттелген болса, тікелей сотқа жүгінуге болмайды.

— Қарсы тарапқа ресми түрде наразылық хат (претензия) міндетті түрде жіберілуі тиіс.

— Татуласу рәсімдері (медиация) арқылы алдымен дауды сотсыз шешу мүмкіндігі қарастырылады.

  1. Соттылықты анықтау.

Арызды сотқа дұрыс жолдау маңызды қадам болып табылады. Жалпы ереже бойынша, талап қою арызы жауапкердің тұрғылықты жері (заңды тұлға болса-тіркелген мекенжайы) бойынша аудандық немесе қалалық сотқа беріледі (Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 29-бабы).

Азаматтық істердің санаттарына қарай аталған істер мамандандырылған соттарда (мысалы, ювеналды, әкімшілік, экономикалық) қаралуы мүмкін.

  1. Талап қою арызын дайындау тәртібі. Талап арыз Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 148-бабының талаптарына сай, жазбаша немесе электронды түрде жасалады. Арызда мыналар міндетті түрде көрсетілуі тиіс:

— Соттың толық атауы.

— Талапкердің және жауапкердің толық деректері (аты-жөні, ЖСН/БСН, мекенжайы, телефоны).

— Талапкердің құқығының бұзылу мәні және оның талаптары.

— Даудың мән-жайы мен оны дәлелдейтін айғақтар.

— Талап қою бағасы (мүліктік даулар үшін).

  1. Құжаттарды жинақтау және мемлекеттік баж төлеу. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 149-бабына сәйкес арызға мына құжаттар толық тіркелуі тиіс:

— Мемлекеттік баж салығының төленгені туралы түбіртек (мүліктік емес даулар үшін бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал мүліктік даулар үшін талап сомасының белгілі бір пайызы-жеке тұлғалардан 1 %, заңды тұлғалардан 3 %).

— Талап арыздың және құжаттардың көшірмелерін жауапкерге және үшінші тұлғаларға жолданғанын растайтын құжат.

— Талапты негіздейтін дәлелдемелер (шарттар, актілер, анықтамалар, хаттар).

— Сотқа дейінгі реттеу тәртібінің сақталғанын дәлелдейтін құжаттар.

  1. Арызды сотқа тапсыру тәртібі. Қазіргі уақытта арызды сотқа тапсырудың негізгі екі жолы бар:

— Электронды түрде (Ең қолайлы жолы): «Сот кабинеті» мемлекеттік ақпараттық сервисі арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып жолданады.

— Дәстүрлі түрде: Құжаттар топтамасын соттың кеңсесіне қолма-қол өткізу немесе пошта арқылы тапсырысты хатпен жіберу.

Судьяның арызды қабылдау мерзімі. Талап қою арызы сотқа түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде судья оны іс жүргізуге қабылдау туралы, қабылдаудан бас тарту немесе қайтару туралы ұйғарым шығарады. Татуласу рәсімдері тағайындалған жағдайда бұл мерзім он жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Ләззат ОРМАНҚҰЛОВА,

Панфилов аудандық сотының

бас маман-сот мәжілісінің хатшысы

Алдыңғы мақала

Ұлттық нақышқа жан бітірген шебер

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа Конституция – жаңарған қоғамның негізі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.