Жексенбі, 2 Сәуір, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Бұл сайлаудың жаңашылдығы неде?

16 Наурыз, 2023
Бұл сайлаудың жаңашылдығы неде?
1
БӨЛІСУ
12
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ел Президенті белгілеген сайлау күні де жақындап қалды. Биылғы Парламент Мәжілісі сайлауына, жергілікті мәслихаттарға партиялардың қолдауымен түсіп, сол сияқты әр сатылы депутаттыққа өзін-өзі ұсынып жатқан белсенді азаматтардың көптігі қуантады. Сөз бостандығы арқылы көп партиялық сайлау өткізу жүйесіне өту – қоғамның  демократиялық  тұрғыда ілгері дамуының көрінісі. Көзқарастардың әртүрлілігі, белгілі бір жүргізіліп жатқан реформаларға пікірлердің көптігі ол бағыттың ертеңгі күні дұрыс қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.

Баспасөздегі жарияланып жатқан әр партияның белсенділерінің жарнамалап көтеріп отырған мәселелеріне көңіл аударып қарасаңыз тәуелсіздік алған жылдардан бері қанша тырмыссақта шешімін таппай келе жатқан сауалдар екенін байқайсыз. Ауылшаруашылықты ел екеніміз статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек айқын көрініп тұрады. Қарапайым мысалдың өзі жекешелендіру үрдісі қолға алынғанда көптеген қойнында құжаты, қолында билігі, қалтасында қаржысы бар алпауыттар, латын тілімен айтқанда латифундистер ең құнарлы, пайдалануға тиімді егістік, жайылымдық жерлерді меншіктеніп алған. Осындайда есімізге Ресейдегі 1861 жылғы басыбайлылық  реформаның жүргізілуі түседі. Сайлаушылар алдына шыққан дерутаттықтан үміткерлерге кездесушілердің қоятын сауалдарының дені жер халыққа қайтарылама дегеннің төңірегінде болып келеді. Ол сұрақ заңды да. Тереңдей берсеңіз ауылшаруашылығына керекті жер өңдейтін техникаларды жаңарту, жоғары өнімге қол жеткізу үшін егіске қажетті тыңайтқышты шығаруды жолға қою, арзандату, субсидия мәселесі, ең аяғы өндірілген өнімді  өңдеу орындарына белгіленген бағамен өткізу. Бұның бәрі үміткерлермен кездесу барысында  көтерілген сұрақтар. Ең жауапты да қоғам алдындағы күрделі мәселе болашақ ұрпақтарымызға қатысты білім шаңырақтары – мектептер жайлы. Халықты толғандыратын басты мәселе балаларының білім алатын орындарының қазіргі заманға лайық, барлық техникалық оқу құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілген жайлы мектеп болуы. Үш ауысымды мектептердің жою, жаңа мектеп салу мәселесі. Тіптен 7 мыңнан астам елді мекені бар елімізде мектебі жоқ ауылдардың бары да осы сайлаушылармен кездесулерде айтылып жатыр. Бүгінгі білім саласы төңірегінде қордалаған мәселелер де жетерлік. Оқулықтардың, оқу құралдарының кемшіліктері, пәндер бойынша мұғалімдердің жетіспеушілігі секілді маңызды мәселелер де назардан тыс қалмауы тиіс.

Үміткерлер өндіріс саласында істейтін орындарындағы жұмысшылармен кездесулерде олар өздеріне қатысты күнделікті атқаратын жұмыстарына  тән нәрселерді көтерді. Бастысы өндіріс қожайындарының жұмыс түрлеріне қарай жұмысшыларға жалақы төлеуі, жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігін сақтауды дұрыс ұйымдастыру. Әр жұмысшы еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс орнындағы қызмет атқаратын техникалық құралдарды жаңарту, жұмысшылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту.

Адамдардың еңбек етуге деген қабілетінің бірден бір сақтаушысы халыққа көрсетілетін дәрігерлік қызмет. Оны жүзеге асыратын ақ халат киген денсаулық сақтау саласының қызметкерлері. Сол халыққа күндіз-түні қызмет көрсетіп жатқан дәрігерлерге лайықты жағдай жасалды ма? Осыған байланысты үміткерлерге көптеген сұрақтар туындады. Ауруханалардың, емханалардың, ауылдық жерлердегі  фельдшерлік-акушерлік пункттер мен медициналық пункттердің жағдайы сын көтерерліктей ме? Ауруханалардың адамға шаққанда төсекпен қамтылуы нормаға сай келмейтіндігі жер-жерде көтерілді.

Қоғамдық өміріміздің жүздеген саласындағы қадам басқан сайын алдыннан шығатын кеңестік кезеңнен қалып қордаланған мәселелердің жиынтығы осы сайлауға барар жолда көтеріліп отыр. Біз негізгі деп санаған салаға ғана сәл тоқталып өттік. Менің айтпағым, қай партиядан болса да сайлауға түсіп белсенділік көрсетіп жатқан үміткерлер, халықтың көтеріп отырған сауалдарын ұсақ-түйек деп қарамай, түгелдей үтір-нүктесіне дейін жазып алып, сайлау біткеннен соң осы мәселемен айналысатын құзырлы орғандардың алдына қоя білсе үлкен сауаптық іс атқарған болар еді. Бұл сайлаудың жаңашылдығы да сонда болып тұр.

Молот СОЛТАНАЕВ,

«Жаркент айнасы»

газетінің Бас редакторы.

Алдыңғы мақала

Президент Жетісу облысының әкімін қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жұмыс орындары көбеймек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
694
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
683
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
487
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
471
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
375
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
373
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
279
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
268
«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

26 Наурыз, 2023
249

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.