Сенбі, 14 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Президент Жетісу облысының әкімін қабылдады

16 Наурыз, 2023
Президент Жетісу облысының әкімін қабылдады
1
БӨЛІСУ
13
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысына өңірдің 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

Кездесу барысында облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту шараларына баса назар аударылды. Атап айтқанда, игерілмей жатқан жерлерді қайтарып, ауыл шаруашылығы айналымына қосу, ирригация жүйелерін қалпына келтіру және инновациялық агротехнологияларды қолдану арқылы егін өнімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, қант өндірісі саласының дамуы ұдайы бақылауда.  Ақсу қант зауытын іске қосу жұмыстары аяқталуға жақын.  Биыл кәсіпорын 40 мың тоннаға дейін қант құрағын өндіруді жоспарлап отыр. Жалпы өңірде осы жылы 132 мың тоннаға дейін қант өндіріледі. Бұл облыстың қантқа деген қажеттілігін толық өтеп қана қоймай, өнімді басқа өңірлерге де жеткізуге мүмкіндік береді.  2026 жылға қарай қант қызылшасы алқабын екі есе ұлғайту көзделіп отыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына тұрғын үй құрылысы, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, жол инфрақұрылымының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жай-күйі, оның ішінде өңірдің газбен қамтамасыз етілуі  жөнінде мәлімет берілді. Бүгінде Жетісу облысындағы 22 елді мекенге газ құбыры тартылып, 288 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді. Жыл соңына дейін тағы 20 елді мекен газға қосылады.

Бұдан бөлек, 2025 жылға дейін облыста 23 мектеп салу жоспарланып отыр. Соның ішінде 10 мектеп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілмек. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 59 медицина нысанын салу, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен 57 блокты-модульді бөлімшелерді пайдалануға беру көзделген.

Президентке «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының даму барысы жөнінде баяндалды. Оның аумағында индустриялық парктің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Исабаевқа инвестиция тарту үшін туризм, көлік және логистика салаларының әлеуетін барынша тиімді пайдалануды тапсырды.

Мемлекет басшысы өңірде агроөнеркәсіп кешені мен қант өндіру саласын дамыту, сондай-ақ игерілмеген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару ісін жалғастыру маңызды екенін айтты.

Алдыңғы мақала

БАТЫРМА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бұл сайлаудың жаңашылдығы неде?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
712
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
598
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.