«Байтақ» партиясы атынан саяси кеңес мүшесі Нұргүл Жұмахметқызы Қадырбаева партияның ұстанымын таныстырды.
Нұргүл Жұмахметқызы экология мәселесіне ерекше тоқталып, Арал өңірінің тағдырына алаңдайтынын айтты. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаумен қатар, адам капиталы, рухани құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесінің маңызын атап өтті.










