«Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Серік Егізбаев «Ұлттық теледебат – 2026» саяси пікірсайысын бірінші болып бастады.
Серік Егізбаев партияның 26 жыл бойы ауыл тұрғындарының мүддесін қорғап келе жатқанын айтты. «Біз ұстанымымызды нақты істермен дәлелдедік. Құрылтайға есептелген, нақты бағдарламамен келіп отырмыз. Ауыл көркейсе, ел де өркендейді. Күшті мемлекет мықты өңірлерден, ең алдымен ауылдан басталады», – деді ол.










