Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жұбайымен бірге Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында №389 референдум учаскесінде дауыс берді.
— Бүгін тарихи маңызы бар күн. Өйткені егеменді тарихымызда халық, көпшілік қоғам бірінші рет өз елінің экономикалық, энергетикалық болашағы үшін өз таңдауын жасайды. Конситуцияға сәйкес мен де өзімнің құқығымды пайдаланып, сайлау учаскесіне келіп, даусымды бердім. Өзімнің таңдауымды жасадым, — деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.