Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Бір үзік сыр

22 Сәуір, 2025
Бір үзік сыр
1
БӨЛІСУ
9
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Сұрапыл соғыстың зардабын шекпеген отбасы жоқ шығар?! Ардагерлер – соғыс шежіресі. Бүгінгі жас ұрпақ үшін Ұлы Отан соғысы деректі фильм сияқты. Оларға ол – өткен тарих. Мен сол сұрапыл, қан майданнан қайтпағандардың немесе ардагерлердің есімдерін «алтын әріппен» жазылған киеге теңер едім. Сұрапыл соғысты өз көзімен көріп, Отан алдындағы борышын майданда адал атқарған асқар таудай әкем Мырзахан Мұхамедиұлының ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау – перзенттік парызым деп білемін.

Әкем 1925 жылы Ақсу ауданына қарасты Өнім ауылында дүниеге келген. Біздің бүгінгі бақытты өмір сүріп, баянды ғұмыр кешуіміз ең алдымен соғыс даласында жан алып, жан беріскен қиян-кескі ұрыстарда ерліктің үлгісін көрсеткен ержүрек әкеміздің арқасы. Әкеміз 1943 жылы ақпан айында майданға аттанған. ІІ Прибалтикалық майданның теміржол бекетінде «Великие луки» 8-гвардиялық армиясының 362-гвардия атқыштар полкіне түсіп, Латвия, Литва, Эстонияны азат ету шайқасына қатысқан. 1943 жылдың қараша айында жауырынына оқ тиіп, Қазан қаласындағы госпитальде емделеді. 1944 жылы ақпан айында Карель мойнағы қорғанысында 48-атқыштар полкінің қатарында соғысты жалғастырады. 1944 жылы маусым айында оң қолынан жараланып, Ленинград госпиталінде емделеді. 1945-1946 жылдары жеке оқу ротасы арнайы курсына оқуға жіберіледі. Мұнда білімі мен біліктілігін ұштастырып, үздіктер қатарынан көрінеді. 1945 жылы 17 мамырда командирі капитан  Н. Козловский Қызыл Жұлдыз орденіне ұсынады.

Отан алдындағы парызын адал атқарған әкеміз Қызыл жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Ерлігі үшін» медалімен, «Гвардия» төсбелгісімен, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталды. Бұл марапат әкемізге оңай жолмен келмегені анық.

Әкеміз 1947 жылы Алматы қаласындағы зоотехникалық техникумды бітіріп, еңбек жолын Ақсу ауданының «Қызылтаң» кеңшарында бас зоотехник қызметінен бастаған. Кейін Алматы қаласындағы зооветеринарлық институтының сырттай «Зоотехник» мамандығын тамамдап, ел дамуы жолында тынбай еңбек етті.

Әкеміздің өмір жолы бәрімізге үлгі-өнеге. Отан алдындағы парызын атқарып, елге оралған әкеміз анамыз Күлдәрия Әбдікәрімқызымен отау құрады. Бірлігі мен берекесі жарасқан шаңырақта он бала өмірге келеді. Бәрімізді оқытып, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған асыл жандар немерелері мен шөберелерінің  қолынан су  ішу бақытына кенелді. Ата-анамыз бір шаңырақ астында 62 жыл тату-тәтті өмір сүріп, бүтіндей бір әулеттің алып бәйтерегіне айналды.

1954 жылы «Еңбек» ұжымшарында басқарма төрағасы қызметін атқарған әкеміз тынымсыз еңбегінің нәтижесінде тың және тыңайған жерлерді игеру  медалімен марапатталды. 1959 жылы аудандық партия комитетінің хатшысы, 1960-1963 жылдары «Қаракөз» ұжымшарының басшысы, 1963-1973 жылдары «Қызылтаң» кеңшарында ауылдық кеңесінің, 1973-1978 жылдары аудандық кәсіподақ комитетінің, мемлекеттік сақтандыру бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. Әкеміз 1978 жылы зейнеткерлікке шықты.

Ұлы Отан соғысының ардагері, тың және тыңайған жерлерді игеру  жұмыстарының ардагері Мырзахан Мұхамедиев 2008 жылы 30 мамырда 83 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Әттең, аяулы да ардақты әкеміздің дәл бүгін қасымызда жоқтығы жанымызға батады. Әйтсе де 9 мамыр – Жеңіс күнінің біз үшін ерекше екендігін сезініп, жүрегіміз толқып тебіренеміз. Жеңіс күні әкем мен анамыз үшін бір шапағатты күн еді. Әкемнің соғыс туралы әңгімесін тыңдаудан жалықпайтынбыз. Ардақты әкеміз 9-мамырды «екінші туған күнім!» деп өмір бойы айтып, мерекелік дастарқан жайғызатын. Сол дәстүріміз күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Әке ерлігіне біз мәңгі қарыздармыз.

Зәмзәгүл  МЫРЗАХАНҚЫЗЫ
Талдықорған қаласы

Алдыңғы мақала

ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Грантовое финансирование в Жетысу: катализатор социальных изменений

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
661
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.