Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН

22 Сәуір, 2025
ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Біз  жыл сайын Отан үшін от кешкен нар тұлғаларды ұлықтауымыз, оларды ұмытпауымыз керек. Соның ішінде 28-панфиловшылардың ерлігін еске алу, Мәскеу үшін болған қиян-кескі шайқаста өмірін Отан үшін қиған батырларды дәріптеуіміз қажет. Осы ретте жетісулық Асқар Қожабергенов Кеңес Одағының батыры, 28 гвардияшы  панфиловшы  батырлардың  бірі екенін  айрықша атап өткіміз келеді. 

Асқар Қожабергенов туралы «Герой Советского Союза 1975» кітабында: «Ол Алматы облысы, Қаратал ауданында 1917 жылы туған. Соғыстың алдында «Большевик» ұжымшарында тракторшы болып жұмыс істеген. Отанын қорғауға аттанған. 316 атқыштар дивизиясында 1075 полк, 4 ротасы, 2-взводында жауынгер болған.

Асқар Дубосеково разъезінде ерлікпен шайқасқан батырлардың бірі. Танк жойғыштар тобының мүшесі. Бұл топ ерлікпен шайқасып, фашистердің 18 танкін жойған. Отанымыздың жүрегі болған Москваны қорғау жолындағы ұрыста қаза тапқан», – деп жазылған.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1942 жылғы, 21 шілдедегі Жарлығымен Асқар Қожабергеновке «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілген.

Асқар туралы жазушы Мүсілім Бөбеқұлов 1968 жылы Алматыда шыққан «Мұсабек Сеңгірбаев» кітапшасында баяндаған. Оның  жазғаны бойынша қаһарман Бауыржан Момышұлы басқарған полктың бірінші батальонында Мүсілім Бөбеқұлов, екінші батальонда Асқар Қожабергенов пен Мұсабек Сеңгірбаев болған.

Ата-анасынан ерте айрылған Асқар балалар үйінде тәрбиеленген. 1932 жылғы ашаршылықта Асқар мен Мүсілім Мұқырыдағы балалар үйінде бірге болып, бір тілім нанды бөліп жеген. Тағдырдың тәлкегімен майданға да бірге шақыртылып, 316 дивизия құрамына тіркеледі. Сондықтан да М. Бөбеқұловтан артық Асқар туралы білетін адам жоқ.

Асқар Қожабергенов, Мұсабек Сеңгірбаев, Мүсілім Бөбеқұлов, Иван Шадрин 1941 жылы Үштөбе стансысынан соғысқа бірге аттанған. Үштөбе стансысындағы Қаратал ауданының соғыс комиссариаты кеңсесі алдында әскери комиссар Ж. Волков сөз сөйлеп, соғысқа аттанушыларға жеңіспен оралуды тілеген. Сол жерден пойызға отырып, соғысқа шақырылған азаматтар Алматыға жетіп, 316 атқыштар дивизиясының сапына қосылған.

18 тамыз дүйсенбі күні пойызға мініп, Отанымыздың сол кездегі астанасы Москваға бет алып, Москвадан өткен соң Ленинградқа қарай жүріп, Белогов қаласын басып өтіп, Новгород облысындағы Крестцы қаласының маңына орналасып, әскери даярлыққа кіріскен. 10 қазан күні Волоколамск стансысына келіп, қазанның 12 күні Осташево қаласының Булагшево кеңшары жағынан бекініс жасаған.

Майдангер Мүсілім ағаның кітабында аптаның қай күні, қай айы, қай жерлерде болғандарына дейін анық жазылған.

1941 жылдың 16 қарашасында Гундилович басқаратын 4 ротаның 2-ші және 6 взводтарынан іріктеліп алынған танк жойғыштар тобының жауынгерлері ерлік көрсеткен. Фашистердің 50 танкімен 28 жауынгер ғана ерлікпен шайқасып, темір сауыт жамылған тажалдың 18-ін жойған. Бүтін бір полктің зіл батпан салмағын көтерген 28 жауынгердің ерлігі әлемге жайылған. Адам сенгісіз асқан ерлік иелеріне деген қошемет пен сүйіспеншілікте шек болмаған.

Ұлттық кітапхананың мұрағаттар бөлімінен 1975 жылдың алғашқы тоқсанында шыққан аудандық «Еңбек туы» газетінің тігіндісін қарасаң, газеттің соңғы бетіндегі панфиловшы соғыс ардагері, ардақты ұстаз М. Бөбеқұлов ағаның «Асқар батыр» мақаласы көзге оттай басылады. «Асқар батыр» деген мақала газеттің бес нөмірінде (39-43) жарияланған. Газеттің 42-43 нөмірінде 1941 жылдың қарашасындағы кескілескен қанды қасапты суреттейді. Жау алдымен самолетпен бомбаларын жаудырып, артиллериядан оқ боратты. Жер бетінің астан-кестеңі шықты.  Жау солдаттары оқ жаудырып, бой тасалауды білмеді. Фашистер бекініске жақын қалғанда саяси жетекші Клочков ысқырып қалды. Асқар оқ боратып еркінсіп келе жатқан жау қатарын жапыра құлатты. «Танктерді құртыңдар» деген саяси жетекшінің саңқ еткен дауысы естілісімен-ақ бекіністен гранат бумалары мен жандырғыш шөлмектер жау танкілеріне жаудырылды.

Асқар жақындаған бір танкті өртеп жіберді. Мұсабек досы да ауыр танкіні жалынға орады. Крюково, Кемидово, Дубосеково, Петпиково деревняларын фашистер осы жолы басып алды. Бірақ болдырған аттай кібіртіктеп ары шабуылдауға шамасы жетпеді. Көп шығындалды. Осы ұрыстардан кейін ротадағы 140 жауынгерден 25 солдат қалды.

Көрнекті ақын Николай Тихонов 1942 жылы «28 батыр ерлігі» деген көлемді дастан жазды. Панфиловшылардың ерлігін көкке көтере суреттеп, оларды теңдессіз батыр деп санады. Поэмада тау көтерген Толағайдай болған Асқар ерлігі де суреттеледі.

Осыдан 60 жылға таяу уақыт бұрын Балпық би кентіндегі Луначарский атындағы орыс мектебінде оқып жүрген кезім. Ол заманда кентте қазақ мектебі болмаған. Сол кездері Кеңес Одағының батыры панфиловшы И. Д. Шадрин мектепке келіп, панфиловшылардың ерліктерін әңгімелеп беруші еді.

Кездесудің бірінде Иван Демидовичке сұрақ қойған едім. «Насколько вы, Иван Демидович, знакомы с героем Аскаром Кожабергеновым и что Вы можете рассказать нам о нем?» деп. Сондағы батырдың берген жауабы былай еді: «Я не то что близко, а братски знаком с Аскаром Кожабергеновым, мы вместе воевали с фашистами. Он настоящий герой погибщий защищая нашу Родину. Аскар и Мусабек погибли ради победы, чтобы вы, дети, учились и жили счастливо. Они похоронены в одной братской могиле, их нельзя было разлучить и после смерти. Царство им небесное», – деп еді.

Расында, даңқы дарқан даласына жайылған, ерлігі тасқа қашалған батырлармен бірге Алматы қаласында 28 панфиловшылар саябағында Асқар Қожабергеновтің де аты-жөні жарқырап тұр. Ал Түрксіб санаториінің жанында А. Қожабергенов атындағы көше бар. Талдықорғандағы орталық демалыс саябағындағы ескерткіш тақтайшада батырдың есімі жазылған. Одан бөлек, Талдықорған, Үштөбе қалаларында, Көксу ауданының Көксу бекеті, З. Тамшыбай ауылында көшелер батырдың атымен аталған. Осы ретте батыр туған ауыл – Кеңарал мен аудан орталығы Балпық би кентінде Асқар Қожабергеновке ескерткіш орнатылса деген ұсыныс айтқым келеді.

Қожабек ҚОЖАБЕРГЕНОВ

Алдыңғы мақала

80-летие Великой Победы: История учителя с фронтовыми наградами из Талдыкоргана

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бір үзік сыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
661
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.