Сенбі, 17 Қазан, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Әділет» партиясы ел аумағында әйелдерге медициналық тексерулер мен дәрігерлерден кеңес алу жұмысын ұйымдастырды

9 Қазан, 2026
«Әділет» партиясы ел аумағында әйелдерге медициналық тексерулер мен дәрігерлерден кеңес алу жұмысын ұйымдастырды
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстанның барлық өңірінде әйелдер сүт безі обырының алдын алу бойынша тексерілуден өтіп, бейінді дәрігерлерден кеңес алу мүмкіндігіне ие болуда. Бастаманы «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты ұйымдастырып отыр. Емханаларда ашық есік күндері, диагностикалық тексерулер мен кездесулер ұйымдастырылып, мамандар сүт безі обырының алдын алу және ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы туралы ақпарат беруде.

Мәселен, Астана қаласының №6 қалалық емханасында ашық есік күні өтті. Әйелдер онколог-маммолог және акушер-гинеколог мамандардан кеңес алып, тексерілді. Емхана дәрігері, онкомаммолог Ақтілек Русланованың айтуынша, мұнда күн сайын 30-40 әйел маммографиялық тексеруден өтеді.

«Кейбір әйелдер отбасы мен күнделікті тірлікті бірінші орынға қойып, өз денсаулығын кейінге қалдырады. Уақтылы скринингтен өту ауруды ерте кезеңде анықтап, емдеу шараларын ертерек бастауға мүмкіндік береді», – деді маман.

Дер кезінде диагностикадан өтудің маңыздылығын Гүлбара Құлышева да жақсы біледі. Ол үшін тұрақты тексеруден өту өз денсаулығына қамқорлық жасаудың үйреншікті дағдысына айналған. Ол дәрігерге баруды кейінге қалдырмай, денсаулығына бей-жай қарамауға тырысады.

«Емханада ашық есік күні өтіп жатқанын естіп, тексерілуді ұйғардым. УДЗ-дан өтуді жоспарлап отырмын. Мен денсаулығымды үнемі қадағалап, жыл сайын тексеруден өтіп тұрамын», – деді Гүлбара Құлышева.

Қазақстандықтардың денсаулығы мен медициналық көмектің қолжетімділігі – «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі. Партия өкілдерінің пікірінше, ауруларды емдеумен қатар, оларды ерте кезеңде анықтауға да ерекше мән беру маңызды. Бұл туралы партияның Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мария Өтебаева мәлімдеді.

 «Әйел денсаулығын қорғау – қоғамның ортақ міндеті. «Әйел өмірі үшін» айлығы аясында «Әділет» партиясы ақпараттық кездесулер мен ашық есік күндерін ұйымдастырып, әйелдерге қажетті медициналық ақпарат пен мамандар кеңесін алуға жағдай жасауға атсалысуда. Басты мақсатымыз – әйелдердің өз денсаулығына уақтылы көңіл бөлуіне ықпал ету», – деді Мария Өтебаева.

Сондай-ақ Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Қошқарата және Күреңбел ауылдарына жылжымалы медициналық кешен барып, 95 адам компьютерлік томографиядан, 92 тұрғын ультрадыбыстық зерттеуден, 34 әйел маммографиядан өтті. Сонымен қатар Байзақ, Жамбыл, Қордай, Сарысу және Мойынқұм аудандарында әйелдермен кездесулер ұйымдастырылды.

Ал Ақмола облысының Көкшетау қаласында «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты мен Онколог-маммологтар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Сүт безінің денсаулығы туралы 5 минут» атты кездесу өтті. Дәрігер-онкомаммолог Қуаныш Ыдырысов аурудың қауіпті факторлары мен алғашқы белгілері туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында да орталық емханада ашық есік күні өтіп, 200-ге жуық әйел гинеколог, маммолог, хирург және басқа да бейінді мамандардан кеңес алды.

Айта кетейік, «Әйел өмірі үшін» республикалық айлығы аясындағы іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде жалғасады. Оның басты мақсаты – әйелдердің өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, сүт безі обырының алдын алу және ауруды ерте диагностикалаудың маңыздылығы туралы  ақпаратты күшейту.

Алдыңғы мақала

В Талдыкоргане прошел региональный форум комплаенс-офицеров

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Партия «Әділет» организовала обследования и консультации врачей для женщин в регионах Казахстана

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
969
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
831
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
811
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
807
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
669
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
653
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
576

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.