Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Еңбек — адамның асыл қасиеті…»

6 Наурыз, 2025
10
БӨЛІСУ
121
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Еңбек — адамды шыңдайтын, рухын биіктететін қасиетті ұғым. Саналы ғұмырын адал еңбекке арнап, ел игілігі үшін қызмет еткен жандардың тағдыры әрдайым құрметке лайық. Сондай жандардың бірі — ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті кадр бөлімінің инспекторы Раушан Лұқпанова.

Ол — қызметіне адал, отбасына берік, өнерге жақын жан. Раушан Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келді. Бала кезінен ізденімпаз, еңбекқор. Мектепте жүріп-ақ әдебиетке, поэзияға қызығушылық танытып, өлең жазды. Мұқағали Мақатаевтың, Қадыр Мырзалиевтің шығармаларын сүйіп оқып, олардың туындыларын жатқа оқиды. Бастапқыда филолог болуды армандаса да, тағдыр жолы оны басқа арнаға бұрды. Мектепті тәмамдаған соң, Алматы қаласының Заң колледжінің Өскемен қаласындағы филиалына оқуға түсіп, заң саласында білім алды. Білім ордасы оның болашақтағы қызметіне жол ашты. 2004 жылдан бастап түрлі жауапты қызметтер атқарды. Алғашқы еңбек жолын Зайсан қаласындағы Мемлекеттік автомобиль инспекциясынан бастап, кейіннен Өскемен қаласындағы №1 Өрт сөндіру бөлімінде кеңсе меңгерушісі болып қызмет етті. Оның жауапкершілігі мен тиянақтылығы әрдайым басшылық тарапынан жоғары бағаланды.

Өмірдің өзі даңғыл жол іспеттес екені талас тудырмас. Раушан осы жолда сенімді серігі — шекарашы офицер Бейбіт Лұқпановты кездестірді. Екеуі отбасын құрып, бір-біріне сүйеу болып, шекара шебінде кездескен талай қиындықтардан бірге өтті. Жолдасы қызмет бабына байланысты түрлі өңірлерде еңбек етті. Азаматымен бірге көшіп жүрген Раушан Қайратқызы түрлі қызметтерді орындап, жұмысын адал орындады. Раушан шекарашылар сапында радио-телефоншы ретінде талай жауапкершілікті мойнына алды. Оның әрбір жұмыс күні тыңғылықты қызмет пен тиянақты еңбектен тұрды. Кейіннен Кадр бөлімінің инспекторы қызметіне ауысып, осы салада да өзін жоғары деңгейде көрсетуде. Ол үшін ең бастысы — мемлекет мүддесіне қалтқысыз қызмет ету, Отанға адал болу.

Тірліктің бір қанаты еңбек болса, екінші қанаты — отбасы. Раушан — аяулы ана. Ол төрт бірдей қыз тәрбиелеп отыр. Жұлдыз, Жанайым, Нұрайым, Кәусар — жанұясының мәні, болашағы. Олардың бойына ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарын сіңіруді өзінің ең үлкен міндеті деп санайды. Осындай бақытты жанұяның отанасы атанған Раушан, шекарашы офицер — подполковник Бейбіт Лұқпановпен табыстырған тағдырына еш өкінбейді.

Раушан — тек қызметкер ғана емес, өнерге жақын жан. Бала кезінен өлеңге құмар болып, шығармашылықпен айналысқан ол, қазір де қолы қалт еткенде сурет салуға уақыт бөледі. Бұл — оның жанына тыныштық сыйлайтын, шабыт беретін сүйікті ісі. Еңбекпен есейген, өмірдің сан қилы жолынан өткен Раушанның тағдыры — өз ісіне адал жанның үлгісі. Ол шын мәнінде «еңбек — адамның асыл қасиеті» екенін дәлелдеген жан. Оның өмір жолы — тынымсыз ізденіс пен төккен тердің, адалдық пен рухани беріктіктің айғағы. Осындай еңбек адамдары — қоғамның шынайы қаһармандары!

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Алдыңғы мақала

Тағдыр мен еңбек тоғысқанда…

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру: жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
661
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.