Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Тағдыр мен еңбек тоғысқанда…

6 Наурыз, 2025
2
БӨЛІСУ
25
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Кадр бөлімі бастығының көмекшісі Жұмағыз Үсенова – адал еңбек пен қажырлы қызметтің айнасы. Тағдырын еңбекке, отбасына және Отанға қызмет етуге арнаған жан. Оның өмір жолы тек қызметтік міндеттерді орындау емес, рухани күш-жігердің, мақсатқа ұмтылудың жарқын үлгісі боларлықтай.

Жұмағыз Мұсақызының балалық шағы Ресей Федерациясының Астрахань облысында өтті. Оның ата-анасы мұғалім болғандықтан, білімге деген сүйіспеншілігі жастайынан байқалды. Биология мен география пәндерін ерекше жақсы көрген ол, мектепті жақсы аяқтады. Педагогикалық университеттің студенті атанды. Болашақ мамандығын таңдаудағы басты себеп – ұстаздықты жан-тәнімен сүюі мен ата-анасының берген бағыт-бағдары еді. Университет қабырғасында жүріп өзін тек оқуда ғана емес, өмірлік шешімдер қабылдауда да мықты тұлға ретінде көрсетті. Болашақ өмірлік серігі, шекарашы лейтенант Серік Үсеновпен бас қосқанда әскери өмірдің киындығы мен жауапкершілігін түсінсе де кедергінің барлығын сүйген жарымен бірге өтуге бел буды. 1988 жылы олар Тәжікстанға Орта Азиялық Қызыл тулы шекара округі Хорог шекара отрядына аттанды. Сол жерде әскери өмірдің қиыншылығына төтеп беріп, шекара қызметінің ауыртпалығын бірге көтерді.

Әскери өмірдің тауқыметі мен шекарадағы тәртіп Жұмағыз Мұсақызын шыңдай түсті. Білім беру саласынан алыстамай, жергілікті мектепте өлкетану пәнін жүргізді. Тіпті, шекара шебіндегі заставада қызын дүниеге әкелді. Ауған соғысының соңғы кезеңдеріне куә болып, Кеңес әскерінің елге оралуын өз көзімен көрді. Осының бәрі оны рухани және моральдық жағынан одан әрі шыңдай түсті.

1994 жылы тарихи отаны Қазақстанға оралуға шешім қабылдады. Жанұясымен Үшарал шекара отрядына ауысты. Ол азаматтық тұлға ретінде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс істеуге арналған қызметтерді атқарды. Ұйымдастырушылық қабілеті мен еңбекқорлығы оған жанұялармен жұмыс жөніндегі нұсқаушы қызметін атқаруда көмегі көп болды. Күйеуі Мәскеудегі ФҚҚ Академиясына окуға түскенде, ол да жаңа өмір сүру ортасына бейімделіп, жылжымайтын мүлік агенттігінде жұмыс істеді.

1999 жылы жодасының қызмет бабымен Жаркент шекара отрядына ауысты. Жұмағыз Мұсақызы әскери қызметін жалғастырып, 2000 жылы прапорщик атағын алды. Кейін ол шекара отрядының клуб бастығы, «Шығыс» өңірлік басқармасының клуб офицері сияқты маңызды қызметтерде жұмыс істеді. Бұл жылдар оның тек кәсіби емес, рухани дамуына да әсер етті. 2011 жылы әскери қызметтен зейнетке шыққанымен, еңбекқор жан үйде бос отыра алмады. Санаторийде, медициналық орталықта, ардагерлер кеңесінде, әкімшілік қызметтерде жұмысын жалғастырды. 2024 жылы Жетісу облысының департаментінде кадр бөлімі бастығының көмекшісі қызметіне кірісіп, тәжірибесін одан әрі ел игілігіне арнауда. Жұмағыз Үсенованың өмір жолы – адалдық пен еңбекқорлықтың, елге қызмет студің және рухани беріктіктің үлгісі. Қандай қызметке орналасса да жұмысын шынайы махаббатпен орындап, болашақ ұрпаққа өнеге көрсетуде. Оның өмірі – еңбек адамының, қайсарлық пен төзімділіктің шынайы көрінісі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі

Жетісу облысы бойынша департаменті

Алдыңғы мақала

Жетісу жеріндегі туризм су, экология және тау туризмін тірек етеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Еңбек — адамның асыл қасиеті…»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
661
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.