Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ел мүддесін ту еткендер

25 Маусым, 2026
Ел мүддесін ту еткендер
1
БӨЛІСУ
13
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстық  әкімдікте салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілердің еңбегі еленіп, үздіктер марапатталды.

Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Бейбіт Исабаев мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі айрықша маңызына тоқталды.

– Облыс құрылғаннан бері өздеріңізбен бірге өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеміз, – деген өңір басшысы соңғы төрт жылда қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.

Расында, Жетісу облысы құрылған уақыттан бері өңір экономикасында оң серпін қалыптасты. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2,5 триллион теңгеге жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өсті. Экономикаға 611 миллиард теңге инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстарының көлемі 10 пайызға артты. Өткен жылы 413 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Облыстағы инфрақұрылымдық жобалардың да ауқымы кеңейіп келеді. Бүгінде халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 99,9 пайызға жетсе, газдандыру көрсеткіші 67 пайызды құрайды. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 95 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізілген. Әлеуметтік нысандарды жаңарту деңгейі 55,8 пайызды құрап, 276 нысан жаңғыртылған.

– Мұндай жетістіктерде сіздердің әрқайсыларыңыздың үлестеріңіз бар, – деді облыс әкімі мемлекеттік қызметшілерге алғысын білдіріп.

Салтанатты жиында мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың нәтижелері де айтылды. Соңғы жылдары мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыруға, ашықтықты қамтамасыз етуге және жастарды мемлекеттік қызметке қатыстыруға басымдық беріліп келеді. Соның нәтижесінде 2023 жылдан бері жоғары оқу орындарын үздік аяқтаған 58 түлек жергілікті жерлерде мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданған. Өңірлік кадр резервіне алынған 20 жас қызметшінің 11-і бүгінде түрлі деңгейдегі лауазымдарды атқарып жүр.

Облыс басшысы өз сөзінде 1 шілдеден бастап күшіне енетін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңға да тоқталды.

– Мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру бағытындағы бұл заң кадрлық саясаттың жаңа стандартын қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар заңда мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалу мәселелеріне ерекше назар аударылған, – деді Бейбіт Исабаев.

Шара барысында мемлекеттік қызметке алғаш рет тағайындалған жас мамандар ант қабылдап, халыққа адал қызмет етуге серт берді. Сондай-ақ көпжылдық мінсіз еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерге ведомстволық марапаттар, «Мемлекеттік қызмет ардагері» және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілері, бірқатар азаматқа облыс әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттары табысталды.

Марапатталғандардың қатарында Алакөл ауданы, Ырғайты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жандос Сақаев та бар. Ол биыл маусым айында Алакөл көлінде орын алған төтенше жағдайда суға кетіп бара жатқан Ресей Федерациясының төрт азаматын құтқарып, батылдық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеткен болатын. Осы ерлігі үшін оған облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталды.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын облыстық жер қатынастары басқармасынан бастаған Жандос Нұрғазыұлы бүгінде туған жеріндегі ауылдық округ әкімдігінде еңбек етіп келеді. Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет – халық сенімін ақтауға негізделген жауапты сала.

– Мемлекеттік қызметші ең алдымен өз ісіне адал, төзімді және шыншыл болуы керек. Өйткені әрбір қабылданған шешім мен атқарылған жұмыс тұрғындардың өміріне тікелей әсер етеді. Халықтың сенімін сақтау – біздің басты міндетіміз, – дейді ол.

Мемлекет басшысы ұсынған «Заң мен тәртіп», «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс», «Таза Қазақстан» қағидаттарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметшілер өңірдің өркендеуіне қызмет етуді жалғастыруда. Ал мерекелік жиын олардың еңбегіне көрсетілген құрметтің және мемлекеттік қызметтің қоғам үшін маңызын айқындайтын тағылымды басқосудың біріне айналды.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Алдыңғы мақала

Жетісу полицейлері мерейленді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.