Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу полицейлері мерейленді

25 Маусым, 2026
Жетісу полицейлері мерейленді
1
БӨЛІСУ
16
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін құқықтық орган қызметкерлерінің төл мерекесі Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде салтанатты түрде аталып өтті. Жылдағы дәстүр бойынша қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі биыл да өз жалғасын тапты. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын қатаң ұстанған полиция қызметкерлерін, аймақтағы ішкі істер органдары ардагерлерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев арнайы құттықтады.

Аймақ басшысы полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қосқан өлшеусіз үлестерін тілге тиек етті.

– «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлының аталы сөзі әрбіріңіздің төлқұжатыңыз болуы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы елдегі түбегейлі реформалардың негізі болып отыр. Оны жүзеге асыру құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның міндеті. Әділетті қоғам құрып, заң үстемдігін нығайту жолында әрбір полиция қызметкері өз міндетін адал атқаруы тиіс. Біз өз тарапымыздан қажетті қолдау көрсетеміз. Облыста ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында біршама игі істер атқарылды. Мәселен, 2022 жылдан бері жергілікті бюджеттен 9,4 млрд. теңге бөлініп, заманауи техникамен, арнайы құрылғылармен жабдықталды, – деген облыс басшысы алдағы уақытта да барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Салтанатты жиында Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Ермек Исаев, Қаратал аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Берік Бибеков, Ескелді аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Нұрсейіт Абдрахманов, сондай-ақ Сарқан ауданы мен Текелі қаласы полиция бөлімдерінің тергеу бөлімшелерінің тергеушілері, полиция аға лейтенанттары Диас Тошанов пен Әділет Байсаринов облыс әкімінің қолынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарға ие болды.

Өз ісіне адал бірқатар полиция қызметкеріне арнаулы атақтар беріліп, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен, сондай-ақ Ішкі істер министрінің грамотасы және Алғыс хаттымен марапатталды. Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Мерекелік шарада полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Сарқытбай Құсайынов уақытпен санаспай қоғамдық тәртіпті барынша қадағалап, елдің тыныштығын күзетіп жүрген қызметкерлерге алғыс айтып, істеріне сәттілік тіледі.

Отставкадағы полиция полковнигі, ішкі істер органдарының құрметті ардагері Болат Молдабеков өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне қатысты ойымен бөлісті.

– Қазір мен зейнет демалысындамын. Соған қарамастан жас полиция қызметкерлеріне қолымнан келгенше қолдау көрсетуге тырысамын. Ардагерлер ұйымының құрамында мектеп оқушыларымен, студенттермен кездесу өткіземіз. Өйткені жастар арасында патриоттық құндылықтарды дәріптеу, құқықтық мәдениет пен құқықтық сауаттылықты қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі, – дейді ардагер.

Облыстық полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары Айдын Сүлейменовтың айтуынша, Жетісу облыстық полициясының қатарында 2 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді.

– Біз мамандардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені қазіргі заманда интернет-алаяқтық сияқты қылмыс түрлері кең етек алды. Сондықтан біздің басты міндетіміз – осы бағытта да халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деді.

Облыс әкімдігінің қолдауымен құқық бұзушылықтарды жедел анықтау мақсатында аудандық және қалалық полиция бөлімдеріне, департамент басқармаларына 31 дрон берілді. Аймақта 1415 бейнебақылау камерасы орнатылып, биыл тағы 220 камераны іске қосу жоспарланып отыр. Соңғы жылдары 289 бірлік қызметтік және арнайы автокөлік сатып алынды. Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бес ауданда 8 модульдік полиция бекеті пайдалануға беріліп, 6 әкімшілік ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Сарқан ауданындағы Лепсі ауылында күрделі жөндеуден өткен полиция пункті қайта пайдалануға берілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өңірде қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 36%, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 44% төмендеді.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Алдыңғы мақала

Жетісу облысына – 4 жыл: 8 жедел басқару орталығы құрылып, полиция қызметі үшін 289 бірлік қызметтік автокөлік сатып алынды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ел мүддесін ту еткендер

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.