Сенбі, 25 Наурыз, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ежелгі адамдардың естеліктері

Қоғамдық сананың бір формасы өнер екендігі белгілі. Адамдар табиғатты тануға ұмтылыстарында алуан түрлі туындылар жасап, көптеген ізденіс барысында ойын, түсінігін жазып қалдыратын алғашқы табиғаттың сыйы – қара тасты тапты. Ағашқа, топыраққа тағы басқа заттарға түскен із қалмайды. Тасқа түсірілген кез келген сызық, ойық, жазылым кетпейді. Міне сондықтанда алғашқы қалам да тас, қағазы да тас болғаны шындық.

27 Наурыз, 2022
Ежелгі адамдардың естеліктері
1
БӨЛІСУ
16
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Батыс Еуропа елдеріндегі (Испания, Франция) мамонттың сүйегіне түсірілген ұсақ тастардан жасалған бейнелер, үңгір қабырғасындағы күйеге сурет сызып қалдыру өнері де болған.

Қазақстан аумағында да көптеген адамдарды таң-тамаша қалдыратын тас бетіне қашап қалдырылған Тамғалы шатқалындағы, Көксу өзенінің бойындағы Ешкіөлмес тауларындағы, т.б. жерлердегі қола дәуірінің ескерткіштері ескі замандардан сыр білдіреді. Алматы облысы Жаркент өңіріндегі Алмалы ауылының солтүстік батысында Бестөбе деп аталатын батыстан шығысқа қарай биіктей беретін қазақтың түйелі көшіндей іркес-тіркес  жатқан қыраттардың ішіндегі биіктеуі бесеу. Сондықтан ел-жұрт Бестөбе атап кеткен. Бестөбенің бауыры еңістей созыла жусанды бозбен астарласып барып құмдауыт жазық пен Іле өзеніне барып бірақ тіреледі. Алматы – Қорғас – Құлжа тас жолы шұратты жазықты қақ бөліп қайыстай созылып жатыр.

Кеңсайдың екі беті көк шалғынға көміліп тұр. Елдің малы жайлауға түгел шығып кеткендіктен мал тұяғы тимеген сай табанын көмкерген гүлдесін өсімдіктер сабағынан үзілердей әдемі ырғалып тұр. Жаңбырлы жаздың әсерінен топырақ беті шөптен көрінбейді. Түрлі бұталы өсімдіктер қаулап өскен Кеңсай беткейі тобылғы, ұшқат, итмұрын, сарыағаш гүлінен шыққан жұпар иіске көміліп тұр. Дем тартсаң тынысын кеңейіп көкірегін сергіп сала береді. Рахат бір күйге бөленесің.

Бірінші мен екінші Бестөбенің беткейлеріндегі қарақожыр тастарға салынған суреттер қола дәуірі кезеңінің өнеріне жатады. Қарақойлы сайының батысындағы Сарықора аталатын қыстаудың шығысындағы беткейдегі тастарға салынған суреттер саны біршама.

Ежелгі адамдарда осы маңда аң аулап, құс ұстап, сай-саладан сылдырлап ағып шығып жатқан мөлдір бастаулардан қанып ішіп, тіршілік еткендігі көз алдыңа елестейді. Адамдар күнделікті күн көріс қамымен жүрсе де, өздерінің іс-қимылын тас бетіне түсіріп осы әрекеттерінен кейінгілерге хабар тастауға талпыныс жасағаны көрінеді. Мұндағы тастағы суреттердің ерекшелігі сол, әртүрлі жануарлар көлемі бір метрден аспайтұғын қара тастарға түсірілгендігі. Мұнда зәулім жартастар, көлемді қойтастар мүлдем жоқ. Құдды Ежелгі Египеттегі саз текшелерге жазылған таңбалар сияқты. Соған қарағанда адамдар өздері мекендеген қоныстардың я болмаса, яки ықтасынды сай ішіндегі салынған қыстау маңындағы тастарға таңбалар салған. Бұларға «Аң» мәнерінде таңбаланған бейнелердің көбінесе тауешкілер мен арқарлардың сұлбалары түсірілген. Бірінде, адамның алғашқы досы саналатын ит пен аң аулау сәті бейнеленсе, енді бір тастағы ойып салынған суретте барыс секілді жыртқыштың арқарларды аулау сәті салынған. Aлмалы аймағындағы тау шоқыларының бауырындағы Ашақора, Қызылауыз секілді белстердің беткейіндегі қыраттарда мұндай тастарға салынған әр түрлі көп бейнелі ежелгі заман естеліктері мол. Дүбірлі қазақ даласына шығыстан жылжи келіп мекендеген, әрісін айтпағанда берісі сақтар мен ғұндардың ұрпақтары деп жүрген б.з. VI ғасырында тебінгісі терден шіріген жауынгер көк түріктердің арасын жалғап тұрған алтын баулы үйсіңдердің тарихының зерттелуі көмескі тартып тұрғандығы көңілге кірбің түсіреді. Қалай болғанда да сақ, үйсін дәуіріне жататын петроглифтердің көптеп ұшырасуы біздің бабаларымыздың осы Жаркент аймағында кең таралып қоныс тепкендігін көрсетудің айқын айғағы.

Альфира СОЛТАНАЕВА

Алдыңғы мақала

Жұмағұл Көкшебайұлы – дін ғұламаларының бірі еді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ар биігіндегі ақын

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
688
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
677
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
483
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
464
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
365
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
365
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
276
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
267
Суан Назар батыр қайда жерленген?

Суан Назар батыр қайда жерленген?

21 Наурыз, 2023
232

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.