Жексенбі, 2 Сәуір, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жұмағұл Көкшебайұлы – дін ғұламаларының бірі еді

Қазір білім мен ғылым сан салаға бөлініп, олардың әр қайсысының өз білгірлері мен ғұламалары жіктелген заманда өмір сүріп келеміз. Сәл ертеректе қарапайым халық араларындағы саралы, саналы тұлғаларды өз бетінше атақтап, мадақтап, ғұлама деген сияқты қосымша дәріптеуші, ерекше үстем тұтушы атаулар беріп, бүкіл ауыл, аймақ оны қабыл алатын. Сондай ерекше жандардың бірі Жаркент өңірінде өмір сүрген Жұмағұл имам болатын. Ол ислам дінін жетік білуімен замандастарынан ерекшеленді. Дүниеден баяғыда озса да оны өңір халқы осы күнге дейін әулие, ғұлама еді деп еске алады.

27 Наурыз, 2022
Жұмағұл Көкшебайұлы – дін ғұламаларының бірі еді
18
БӨЛІСУ
223
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ілім қуған жас

Жұмағұл Көкшебайұлы 1894 жылы Жаркент өңіріндегі Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. 7 жасынан бастап әкесі Көкшебай сол кездегі Жаркент өңіріндегі Сайранқұл, Қасымбек, Жанайбек деген білгір атақты молдалардан хат танытып, оқи, жаза білетін жағдайға жеткізеді. Жұмағұл зеректігімен, алғырлығымен Құранды терең танып, барлық шарттарымен дұрыс оқып, толық аударып шыға алатын болды. Аттары аталған қазақ молдаларының білетінін толық меңгерді. Одан соң әкесі Көкшебай Жаркент қаласында мұсылман балаларын өте жақсы оқытып, жоғары білім беретін, ислам дінін үйрететін медресе бар деп естиді. Көкшебай баласын осы медресеге оқуға береді. Ол медреседе оқитын балаларға ұлты ұйғыр, халық «Бұлбұл қари» деп атап кеткен Бұхар Шарифтегі ең жоғарғы ислам дінін оқытатын мектепті бітіріп, одан Меккедегі ислам дінін оқытатын ең жоғарғы мектепте үш жыл оқып келген Лутполла қажыдан сабақ алады. Ол «Мен білетін білімді үйреніп болдыңдар, медресені оқып бітірдіңдер, енді емтихан алып білімді қалай меңгергендеріңді сынап көріп, куәлік беремін» деп, мамыр айында Жаркент өңіріндегі барлық білімді молдаларды шақырып, солардың қатысуымен емтихан алып, сынап көреді. Емтиханға ұлты әр түрлі жетпіс бала қатысқан. Сол жетпіс баланың ішінде бірінші орынды Жұмағұл Көкшебайұлы жеңіп алып, куәлікпен қоса ақшалай және заттай сыйлықтар алады.

Түрмедегі керемет

Жаркенттегі медресені бітіргенде Жұмағұл 18 жаста болатын. Содан бастап ол кісіні әрбір ауыл имам етуге құштар еді. Тіпті таласып, жанжалдасатын кездері де болған. Содан Суанның игі жақсылары мен болыс, билері ақылдасып, әр ауылда үш жылдан имам және мұғалім болып, балаларды оқытып, ислам дінін үйретеді. Алдымен Бұрхан ауылында үш жыл, Шежін ауылында үш жыл имам және мұғалім болады. Кейін оны Жаркент уездік дін мекемесі шақырып, қазы, муфти деген атақ беріп, имам мәзім, мутауалилерді сайлап, жұмысын қадағалап отырумен қоса, ислам дінінің халық арасында дұрыс жүргізілуіне басшылық етуді тапсырады.

Бірнеше жыл осы жұмысты істеп жүргенде заман өзгеріп, Кеңес өкіметі құрылып, би, болыс, бай, кулактар мен қожа, молда, төрелерді құрту керек деген заң шығады. Оларды қамауға ала бастағанда, Жұмағұл Көкшебайұлын да молда деген атпен ұстап, бес жыл Жаркент түрмесіне қамаған. Жұмағұл молда жатқан бесінші камераға түнде құлпы салып, кілтін алып кеткен милиционер ертесінде ертемен келсе, құлпы ашылып жерде жатады. Молда қашып кеткен шығар деп ішке кірсе, молда тып-тыныш ұйықтап жатады. Молданы оятып құлпыны кім ашты деп сұраса, молда білмеймін, мен далаға шыққаным жоқ дейді. Аң-таң болған милиционер кешке тағы да есікті құлпылап, мұқият тексеріп, сілкілеп қарайды. Құлпы толық салынған. Кеше шала жабылған шығар, бүгін құлпы ашыла қоймас, деп ойлап, кілтін алып үйіне кетеді. Ертемен келсе құлпы тағы да ашылып жерде жатады. Милиционер бастығына болған жағдайды айтса, ол ашуланып, өтірік айтасың, кешке өзім барып құлпы саламын деп жібереді. Кеш батқаннан кейін түрме бастығы Самойлов деген орыс өзі барып, құлпыны мықтап салып, ертемен түрмеге келіп қараса, құлпы ашылып жерде жатады. Самойлов таң қалады да тағы екі күн құлпыны өзі салып көреді. Күнде ертемен келсе құлпы ашылып жерде жатады. Самойлов бұл молда қасиетті Адам екен, бұл кісінің есігіне құлпы салудың қажеті жоқ, бірақ қашып кететін шығар, бақылап көрейік деп түнімен күзет қойып қаратады. Бірақ молда қашпайды. Самойлов бұл кісі қашпайтын сенімді адам екен деп, қамаудағы жұмыс істейтін адамдарға бастық етіп қояды. Күнде ертемен қамаудағыларды жұмысқа алып барып, жұмыс істетіп, кешке қайтып алып келіп тұрады. Сонымен белгіленген мерзімді уақыты толып, түрмеден аман-есен босап шығып үйіне келеді.

Ислам діні министрінің орынбасары

Ауылына келгеннен кейін шаруашылығына қарап, тіршілігін жасап жүргенде, туған-туыстарымен Қытайға өтіп кетеді. Қытайға барғаннан кейін Қорғас ауылындағы үлкен өзендердің бірі, Кеген өзенінің бойындағы Әміре, Сүлеймен, Дәуіт деген кісілер салдырған мешітке имам болып және ислам дінін оқытатын мұғалім болып істеді. Шығыс Түркістан өкіметі тұсында Ислам діні министрінің орынбасары болып қызмет етті. Ахун деген атақ берілген. Одан соң Лаусагун ауылының шетіндегі қазақ мешітіне имам болды.

1957 жылы бүкіл қытайлық әр түрлі діндегі дін басылардың құрылтайына Шыңжаң Өлкесінен делегат болып Пекинге барған.

Қытайдағы Қазақстан азаматтары еліне қайтқанда, отбасымен бірге Қазақстанға көшіп келіп, Қоңырөлең ауылына орналасады. 1962 жылы ауырып қайтыс болып, Қоңырөлең ауылындағы бейітке жерленеді. Жұмағұл атамыз қытайдан келгенде ұйғыр, дұнған, шешен, халықтары қазақтың ғұламасы келді деп әңгіме жасаған көрінеді. Баласы Нұрмәулен Жұмағұлұлы ауданымыздың бас имамы қызметін жиырма бес жылдай атқарды. Егеменді ел болғанымызда алғашқылар қатарында қажылық міндетін өтеп келген болатын.

                                 Қабди ЖАЙШИБЕКОВ,

                                  Сатыбай МЫРЗАХМЕТОВ,

                                     Панфилов ауданының

                                    «Құрметті азаматтары».

                                 Амангелді ТУМАБАЕВ,

кәсіпкер

Алдыңғы мақала

Ұлы дала жыры

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ежелгі адамдардың естеліктері

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
694
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
683
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
487
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
471
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
375
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
373
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
279
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
268
«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

26 Наурыз, 2023
249

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.