Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Интернет алаяқтық – қауіпті қылмыс

18 Мамыр, 2026
Интернет алаяқтық – қауіпті қылмыс
1
БӨЛІСУ
16
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ғылым мен технология қарыштап дамыған ғасырда ақпараттық технология жетістіктері адамның өмір сүруіне қолайлы мүмкіндіктер жасағаны ақиқат. Бірақ ақпараттық технологиялардың жетістіктерін пайдаланып жасалатын алаяқтық қылмыстардың сан алуан түрлері пайда болуда. Уақытпен бірге заманауи технологиялардың адам өміріне енуі жағдайында алаяқтық құқық бұзушылықтар тотыдайын сан алуан түрге еніп, күрделенуінің нәтижесінде азаматтарымызға ауыр материалдық һәм моралдық ауыр зардаптар да әкелуде.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде алаяқтық әрекеттерден алдын ала сақтандыру шаралары туралы ақпараттар жиі берілгенімен көпшілік көбінесе сақтықты ұмытып кетіп жатады. Қазіргі күнде алаяқтар сан алуан түрлі айла-амалдарды қолдана отырып азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізу мен сеніміне кіру арқылы ақшасы мен мүлкін заңсыз иемденуге ұмтылады. Алаяқтар өздерін құқық қорғау органының, банктің немесе интернет-дүкеннің қызметкері ретінде таныстырып, адамдарды өз қақпанына түсіріп, оларды материалдық шығынға душар етеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес бөтен мүлікті алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы иемдену қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, кінәсі дәлелденген жеке тұлғаларға айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазалары қолданылуы мүмкін. Егер алаяқтық интернет арқылы жасалып, ірі мөлшерде шығын келтірсе немесе ұйымдасқан топ арқылы жүзеге асырылса, жаза одан әрі қатаңдатылуы мүмкін.

Қазіргі кезде интернет алаяқтардың кең таралған түрлері – әлеуметтік желілерде жалған интернет-дүкендер ашу, азаматтарға телефон арқылы өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстыра отырып «күдікті операция анықталды» деген банк картасының деректерін немесе SMS арқылы келген кодты сұрау жолымен жасалады. Сондықтан бейтаныс адамдарға банк картасының нөмірін, картаның артқы бөлігінде жазылған CVV кодын немесе SMS арқылы келген құпия қодтарды мүлде айтуға болмайды. Аталған әрекеттердің салдарынан адамның банктік шоттарына қол жеткізуге алаяқтарға мүмкіндік беретінін әркім жадында сақтағаны абзал. Күмәнді сілтемелерге өтпеген жөн. Интернет-дүкен арқылы тауар сатып алар алдында пайдаланушылардың пікірлерімен танысып, сатушының ресми байланыс нөмірі мен заңды мекен-жайын анықтап алған дұрыс қадам болар еді. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, егер азамат интернет алаяқтық әрекеттің шырмауына түскен жағдайда дереу банкке хабарласып, карта операцияларын бұғаттауды сұрағаны жөн.

Сол себепті азаматтарымыз өздерінің құқықтық һәм қаржылық сауаттылық деңгейін үнемі арттыра отырумен қатар интернеттегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтағаны дұрыс.

Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ

Алдыңғы мақала

Конституция – тұрақтылықтың кепілі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Таза Қазақстан»: «EcoSana» интеллектуалды ойыны өтті

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.