Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Мәслихат маңызды мәселелерді талқылады

4 Маусым, 2026
Мәслихат маңызды мәселелерді талқылады
2
БӨЛІСУ
24
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жуырда Жетісу облысы экономикасының локомотиві болып табылатын Панфилов ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жетісу облыстық мәслихатының кезекті XXXVII көшпелі сессиясы өтті.

Күн тәртібінде Жетісу облысы мен Панфилов ауданының дамуына қатысты маңызды мәселелер жан-жақты қаралды. Мәслихат сессиясына аудан әкімі Марат Сағымбек, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Шоқпаров, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын, Жетісу облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Әсет Қыдырманов, аудандық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Ерлан Оспанбаев, аудандық және облыстық мәслихаттардың депутаттары мен қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 Күн тәртібіндегі мәселелер

  1. 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы.
  2. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысында 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру туралы.
  3. Жетісу облысында жергілікті маңызы бар мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы.
  4. «Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылғы 5 ақпандағы №34-206 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. «Ескелді аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК диагностика ғимаратын салу және оны компьютерлік томография жабдықтарымен жарақтандыру жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша 2027–2031 жылдарға мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы.
  6. Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 19 тамыздағы «Жетісу облысы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы» №8-20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі «Жетісу облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №20-125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Мәслихаттың көшпелі сессиясын облыстық мәслихаттың хатшысы Гүлнар Қожағұлқызы Тойлыбаева ашып, жүргізді.

Облыстық бюджет: кірістер мен шығыстардың орындалуы

2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп жөніндегі баяндаманы Жетісу облысы қаржы басқармасының басшысы Жанар Нұрқадырқызы Керімбекова жасады. Баяндамашы өз сөзінде 2025 жылғы есепті кезеңде облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметі өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, салықтық базаны ұлғайтуға және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталғанын атап өтті.

Кірістер бөлігінің орындалуы бойынша Жетісу облысының 2025 жылға арналған меншікті облыстық бюджетінің бекітілген кіріс және шығыс жоспары 525,5 млрд теңге болды. Жыл барысында 3 нақтылау жасалып, 15 түзету жүргізілді, нәтижесінде бюджет көлемі 610,3 млрд теңгеге ұлғайды.

Облыстық бюджеттің түсімдері жоспар бойынша 542,9 млрд теңгені құрады, нақты түскені 543,2 млрд теңге немесе 101,3 %. Оның ішінде:

  • меншікті кірістер 75,4 млрд теңгеге жоспарланып, нақты түскені 75,9 млрд теңге немесе 100,7 % болды. Салықтық түсімдер: жоспарланған 59,8 млрд теңгенің 60,5 млрд теңгесі жиналып, 101,1 %-ға орындалды. Салықтық емес түсімдер: нақты түсім 15,3 млрд теңгені құрады;
  • республикалық бюджеттен жоспарланған 386,5 млрд теңге субвенция және 71,1 млрд теңге нысаналы трансферттер толығымен түсті;
  • республикалық бюджеттен жоспарланған 43,7 млрд теңге кредиттің 35,2 млрд теңгесі түсті, ал 8,5 млрд теңге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды кредиттеуге қарастырылған қаражат түспеді.

Бюджет шығыстары және орындалу қорытындылары

Шығыстар бөлігінің орындалуы бойынша жалпы облыс бюджетінің орындалуы 98,1%, игерілмегені 12,3 млрд теңге (РБ – 9,3; ОБ – 2,9), жоспар 658,8 млрд теңге, орындалуы 646,5 млрд теңге. Оның ішінде:

  • 11,4 млрд теңге – меншікті облыстық бюджеті бойынша;
  • 0,9 млрд теңге – аудан мен қала бюджеттері бойынша.

Меншікті облыстық бюджеттің орындалуына тоқталсақ, жоспар – 610,3 млрд теңге, нақты жұмсалғаны – 598,9 млрд теңге, немесе 98,1%-ға орындалды. Игерілмей қалған қаражат 11,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде РБ – 9,0; ОБ – 2,4.

Орындалмаудың негізгі себептері – жоғары тұрған бюджеттен жоспарланған қаражаттың уақтылы түспеуі, мердігерлердің міндеттемелерді орындамауы және мемлекеттік сатып алулар (тендерлік үнем).

Салалар бойынша бөлініс және әлеуметтік бағыттар

Шығыстардың салалар бойынша бөлінісі төмендегідей:

Әлеуметтік салаға бюджеттің 54,4 % немесе 294,6 млрд теңгесі қарастырылып, 99,1%-ға орындалды:

  1. Білім беру саласына 216,8 млрд теңге (жаңа білім нысандарын салу және жөндеу, материалдық-техникалық базаны нығайту, мектептерді ұстау);
  2. Денсаулық сақтау саласына 27,0 млрд теңге (медициналық ұйымдарды жаңғырту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жаңа медициналық нысандар салу);
  3. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласына 27,0 млрд теңге (әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, мұқтаж жандарға көмек көрсету, жұмыс орындарын құру);
  4. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына 25,6 млрд теңге (театр және музыка өнерін қолдау, спорттық іс-шаралар өткізу).

Нақты секторға бюджеттің 23,5 % немесе 127,3 млрд теңгесі қарастырылып, 99,1% орындалды:

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 28,9 млрд теңге;
  2. Отын-энергетика – 30,4 млрд теңге;
  3. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс – 32,2 млрд теңге;
  4. Көлік және коммуникация – 36,8 млрд теңге.

Ауыл шаруашылығы саласына 45,3 млрд теңге қарастырылып, 100% орындалды. Басқаларға 74,7 млрд теңге қарастырылып, 99,9%-ға орындалды.

Игерілмеу себептері және қорытынды шаралар

Игерілмеген 11,4 млрд теңгенің негізгі себептері:

  • республикалық бюджеттен кредиттің түспеуі;
  • мердігерлердің міндеттемелерді бұзуы;
  • мемлекеттік сатып алулардағы үнем.

Қорытынды шаралар ретінде бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне сатып алуды ерте бастау, міндеттемелерін орындамаған мердігерлерді сотқа беру және жосықсыз өнім берушілер тізіміне енгізу тапсырылды.

Түйін және депутаттық ұсыныстар

Түйінде 2025 жылдың бюджеттік циклі өңірдегі макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік бергені атап өтілді. Сонымен қатар, бірқатар бюджеттік бағдарлама әкімшілері бөлінген қаражатты игермегені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алдағы міндеттер ретінде бюджет қаражатының тиімділігін арттыру, салықтық түсімдердің жаңа көздерін іздеу және әлеуметтік міндеттемелерді 100% орындау қажеттігі айтылды.

Облыстық мәслихат хатшысы Гүлнар Қожағұлқызы бюджетті жоспарлау сапасын арттыру, қатаң мониторинг жүргізу және жауапкершілікті күшейту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ мектептердегі тамақтандыру жүйесіндегі тиімсіздік мәселесі көтеріліп, орталықтандырылған тамақ дайындау тәжірибесін енгізу ұсынылды.

Депутаттар бюджет қаражатын тиімді пайдалану тетіктерін жетілдіру, жауапты тұлғалардың жауапкершілігін күшейту жөнінде ұсыныстар айтты.

Аудан әкімі Марат Сағымбек Жаркент өңірінің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, инфрақұрылым, ауыз сумен қамтамасыз ету, газдандыру және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жобалар туралы баяндады.

Күн тәртібіндегі қалған мәселелер бойынша да тиісті баяндамалар тыңдалып, депутаттардың талқылауына ұсынылды.

Сессия қорытындысында депутаттар 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бірауыздан бекітті. Бұл құжат өңірдегі қаржылық тұрақтылықтың сақталғанын және жоспарлы жобалардың жүйелі жүзеге асырылып жатқанын айқындайды.

Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ

Алдыңғы мақала

Өңірдегі өндіріс пен дамудың жаңа белесі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.