Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Өңірдегі өндіріс пен дамудың жаңа белесі

4 Маусым, 2026
Өңірдегі өндіріс пен дамудың жаңа белесі
5
БӨЛІСУ
65
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

(Аудан әкімі Марат Сағымбектің жақында жасаған баяндамасы бойынша өңір дамуының әлеуметтік-экономикалық дамуына шолу)

Панфилов ауданы – ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және логистика салаларын кешенді дамытуға қолайлы, экономикалық әлеуеті жоғары өңір. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің негізгі бағыттарында тұрақты өсім қамтамасыз етілді.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 62,6 миллиард теңгені құрап, оның ішінде мал шаруашылығының өнімі 4,3 пайызға артты. Биылғы есеп бойынша жалпы мал саны 364,8 мыңға жетіп, оның 94,4 мыңы ірі қара, 239 мыңы қой мен ешкі, 25,8 мыңы жылқы. Осы түлік түрлерінен 19,8 мың тонна ет, 30,9 мың тонна сүт және өңірдегі құс өсіруші шаруашылықтардан 8,4 миллион дана жұмыртқа өндірілді.

Өнеркәсіп өндірісі де даму қарқынын сақтап, өнім көлемі артты, яғни бұл салада 35,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Жаңа 3 өндіріс орындары іске қосылып, олардан 560-тан астам жұмыс орны ашылды. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА орналасқан кофе мен шай өндіретін, жалпы құны 8 миллиард теңгені құраған «Маккофе», 5,5 миллиард теңгеге салынған метал бұйымдарын шығаратын «Стандарт Стил» және профнастиль мен профиль өндіретін, құны 200 миллион теңге тұратын «ПРОРУФ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің зауыттары іске қосылды.

Аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 95,3 миллиард теңгеге жетіп, жоспар 176,6 пайыз орындалды. Оның ішінде бюджеттен тыс қаржы 68,7 миллиард теңгені құрап, болжам 2 есеге артық орындалды.

Құрылыс саласында 61,9 миллиард теңгенің жұмыстары атқарылып, жоспарлы жұмыс 181,7 пайыз орындалды. Тұрғын үй құрылысында 84,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 61,8 мың шаршы метрін қамтитын 562 баспана тұрғындар мен инвесторлар есебінен, 23,1 мың шаршы метр болатын 6 тұрғын үй жергілікті қаржы қорымен салынған.

Өңір бюджетінің кіріс бөлігі 18,4 миллиард теңгеге 100,4 пайыз орындалса, шығыс жағы 20,6 миллиард теңге, яғни 99,8 пайыз орындалды. Үстіміздегі жылға бюджет кірістері 21,6 миллиард теңге, шығыстары 20,6 миллиард теңге.

Енді әр салада атқарылатын жұмыстарға тоқталсақ – ауыл шаруашылығы саласында биылғы жылы өндірілетін өнім көлемін 67,7 миллиард теңгеге жеткізу көзделуде. Өткен жылы дәндік жүгері 23,1 мың гектар жерге себіліп, 182 мың тонна өнім алынды. Биыл жүгерінің егіс көлемі 2 мың гектарға артып, 25,1 мың гектар егіліп, одан 190 мың тоннадан астам өнім алу күтілуде.

Өткен жылы 1731 шаруа қожалығы 103,1 мың тонна өнімді «Жаркент крахмал-сірне» зауытына өткізіп, үкіметтен бөлінген субсидияларын алды. Зауытта жалпы 94,1 мың тонна жүгері өңделіп, 86,4 мың тонна өнім алынды. Өңделген өнім 10,6 миллиард теңгеге шет елдерге сатылды. Осы межеге жету үшін «Кең дала-2», «Агробизнес» бағдарламалары арқылы биыл 18 шаруашылық 321 миллион теңге несие алды.

Биыл ауданда минералдық тыңайтқыштарды қолдану жоспары 14,6 мың тоннаға дейін жеткізілді, оның бүгінгі күні 81 пайызы шаруашылықтар көктемгі егін егу науқанына пайдаланылды. Биыл көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 53 шаруашылықтан сұйық отынға өтінім беріліп, 109 тоннасы мамыр айының соңына дейін қожалықтардың қолына тиді.

Өткен жылы 275 миллион теңгеге аудан қожалықтары 19 техника сатып алған еді, биыл осы үрдіс жалғасып, 52 техника сатып алу жоспарланған. Ауыл шаруашылық техникалары паркін жаңарту соңғы жылдары дала өндірісінің науқандық жұмыстарының дер кезінде тоқтаусыз атқарылуына көп демеу болып келеді.

Өңірде мал басын көбейту мен түлік тұқымын асылдандыру жұмыстары да назарда. Биыл мал санын 398,8 мыңға жеткізіп, оның ішінде ірі қараны – 98,5 мыңға, қой мен ешкіні – 274,1 мыңға, жылқыны – 26,2 мыңға жеткізу межеленген, бұл өткен жылдан 11 пайызға артық. Асыл тұқымды мал санын 9 мыңға жеткізу үшін 1296 асыл тұқымды ірі қара сатып алынады. Қазір өңірдегі 70 шаруа қожалығында етті бағыттағы 7704 ірі қара бар.

Ауданда сүт өндірумен тұрақты айналысатын «Көктал-Агро» фермасында 1150 ірі қара малы бағылуда, оның 650 сауын сиыры, қалғаны еркек төлі мен тайынша-торпағы. Күнделікті алынған 15 тонна сүтті Алматы қаласындағы «Фуд Мастер» серіктестігіне өткізеді.

Өңіріміздегі ауыл шаруашылығының тағы бір маңызды бағыты – бау-бақша өсіру. Бағбан бақтарының жалпы көлемі 2,5 мың гектарды құрайды. Оның 1100 гектары «Жаркент Фрукт» серіктестігіне тиесілі. Биылғы жылы бақтың жұмысын инвестор «Агромир» серіктестігі қолға алып, жаңадан 530 гектар жерге 55 мың алма ағашының көшетін отырғызды. Осы бақтан күзде 5 мың тонна алма, 2 мың тонна шие жемісін жинап алу күтілуде. Алайда облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жеміс өнімдерін қайта өңдеп ұқсататын шағын зауыт ашу мәселесі бүгінгі күнге дейін шешілмеді, қазір осы салаға инвестор тарту бойынша жұмыстар атқарылмақ. Бұрын жұмысы тоқтап тұрған «Скай-Агро» 4 гектар жылыжайына «Туран Агро» серіктестігі қияр егіп, 750 тонна, ал «КазГеоТерм» ЖШС бір гектар жылыжайдан 120 тонна қияр өнімін жинамақ.

Соңғы үш жылда 88,5 миллион теңгеге Сарыбел, Шолақай, Басқұншы, Әулиеағаш, Талды, Айдарлы, Үлкеншыған ауылдары мен Жаркент қаласында 8 модульдік ветеринариялық пункт салынды. Сонымен қатар материалдық-техникалық базаны нығайту үшін қажетті құрал-жабдықтар, 3 арнайы автокөлік беріліп, екі мал қорымына қаражат бөлінді.

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару және өндірістік айналымға енгізу жұмыстары жүргізілуде. Соңғы төрт жылда жалпы 60 300 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, оның 58 мың гектары жаңа жер пайдаланушыларға конкурс арқылы табысталды, қоғамдық жайылымға бекітілді және инвестжобамен берілді. Өткен жылы 3942 гектар игерілмей жатқан жер қайтарылса, биыл 3 мың гектар жоспарланып, бүгінгі күнге 4 мың гектар жер қайтарылды, оның 185 гектары – суармалы егістік, 3 900 гектары – жайылым алқаптары. Үстіміздегі жылы жалпы 9,5 мың гектар жер қайта айналымға енгізіледі. Жыл басынан қосымша 1010 гектар жер тұрғындарға қоғамдық жайылым ретінде берілді. Ал келесі айда, яғни 9–10 маусымда 8500 гектар жерге екі конкурс өткізу жоспарланып, хабарлама жасалды.

Өнеркәсіпте өндірілетін өнім көлемін жыл соңына дейін 112 пайыз өсіммен 39,5 миллиард теңгеге дейін жеткізу көзделуде. Ауданда 110 заңды тұлға жұмыс істейді, олардың 7-еуі орта, 103-і шағын бизнеспен шұғылданады. Жеке кәсіпкер ретінде 344 субъект жұмыс істейді. Ағымдағы жылы бұл салада жаңа 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде 295 жаңа жұмыс орнын ашуға, 14,7 миллиард теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Оларды таратып айтсақ – жылына 30 мың тонна пластмасса өнімін өндіретін «Қазақстан Энерготехнологиялық компаниясы» мен 20 МВт күн электр станциясы – «Жетісу терра пауер», 6 мың тонна пластикалық өнім өндіретін «Қазақстан жеңіл химиялық өнеркәсіп компаниясы», «Стандарт Стил» ЖШС – цинкталған болат өнімдерін өндіру зауытының 2-кезеңін іске қоспақ. Сол сияқты жылына 15 мың тонна алюминий полуфабрикаттарын өндіретін «Арандо Интернационал Корпорациясы» ЖШС және жылына 220 мың тонна тыңайтқыш өндіретін «Аманат Сақтау» ЖШС.

Жаркент өңірінің халқы шағын және орта кәсіпкерлікке бейім, соның айғағы – ауданда 12 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектілері бар, оларда 20 622 адам жұмыспен қамтылған. Өткен жылы 6 балабақша, 12 сауда орны, 4 дәріхана, 2 қонақ үй, 6 қоғамдық тамақтандыру орны, 2 заманауи жанар-жағармай станциясы ашылса, биыл ашылатын жаңа нысандар саны екі есеге көбейеді. Кәсіпкерлерден аудандық бюджетке былтыр 6,3 миллиард теңге салық түсіп, жалпы түсімнің 34,3 пайызын құрады. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау аясында 22 жоба қаржыландырылды.

Панфилов ауданы – туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Ауданда 25 туристік нысан бар, онда былтыр 38,9 мың келушіге қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 11,9 пайыз артық. Биыл «Жаркент-Арасан» шипажайы жоғары санаттағы 50 орынды жаңа ғимаратты қолданысқа беріп, қосымша 50 адамды жұмыспен қамтыды. Сондай-ақ осы айда Жаркент қаласында 1,3 миллиард теңгеге 45 орынды 4 жұлдызды «Ақмырза» қонақ үйі және 55 орынды бес жұлдызды «Номад» қонақ үйі қолданысқа берілді. Екі қонақ үйде 68 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 ауылда 76,1 шақырым сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын жүргізу және қайта жаңғырту жалғасуда. Былтыр Қырыққұдық ауылында 20 шақырымдық құбыр жасалған, биыл Шолақайда 47,7 шақырым, Керімағашта 8,4 шақырым ауыз су желісі тартылады. Нәтижесінде 6015 тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Облыс әкімінің көмегімен аудандағы 40 елді мекеннің 26-сы өңірлік газдандыру схемасына кіргізіліп, жұмыс қарқынды жүруде.

Қаладағы көп қабатты 5 тұрғын үйдің ауласына 354,3 миллион теңгеге блокты-модульді қазандықтар орнатылды. Бүгінгі күнге жеке инвестор «АПЛ Констракшн» серіктестігімен жасалған меморандумға сәйкес, Жаркент қаласы 90 пайыз газдандырылды, жұмыстар 2027 жылдың соңына дейін толық аяқталады. Өткен жылы Ақкент, Нәдек, Ават, Сұптай, Қырыққұдық, Ынтымақ ауылдарына газ тартылғанымен, 1508 абоненттің 277-сі, яғни 18,4 пайызы ғана газға қосылып, жұмыс өте баяу жүруде. Қалған 19 ауылды газдандыру жұмыстарын жалғастыру үшін биыл 1,3 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде биыл 61 мың тұрғын газға қол жеткізеді. Бұдан бөлек, 7 ауылды – Тұрпан, Садыр, Сарыбел, Басқұншы, Диқанқайрат, Жаркент-Арасан, Көктал-Арасан газдандыру үшін жоба әзірленуде, құрылыс жұмыстары 2027–2028 жылдары жүргізіледі. Бүгінгі күні Тұрпан, Диқанқайратқа сараптама жасалды, қалған 5 ауылдікі қыркүйек айында дайын болады, алдын ала құны 3,5 миллиард теңгені құрамақ.

Жол инфрақұрылымы жіті назарда. Аудан аумағындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 951 шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар 153, облыстық – 182, аудандық маңызы бар 616 шақырым жол бар. Ынталы ауылының 11,8 шақырым кіреберіс жолын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Ынтымақ ауылының кірме жолын жөндеу жұмысы басталды, бұл жол 3,28 шақырым, оған бұрын 298,4 миллион теңге бөлінген, биыл тағы 4,8 миллион теңге бөлінді. Былтыр Жаркент қаласының 2 көшесі күрделі жөндеуден өткен, енді Ходжамьяров көшесіндегі көпірдің құрылысы қалды. Жаркент қаласы мен Басқұншы ауылының 5 көшесі орташа жөнделді.

Биыл Әулиеағаш ауылының Қарақызов көшесі орташа жөнделіп, Жаркент қаласының 5 көшесінің қиылысына 225,2 миллион теңгеге бағдаршам орнатылады. Былтыр Жаркент қаласы, Алтыүй, Еңбекші, Қоңырөлең, Үлкеншыған, Ынтымақ, Әулиеағаш, Жерұйық ауылдарының 20 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, демеушілердің көмегімен 45 миллион теңгеге Жаркент қаласының 7 көшесінің жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Үстіміздегі жылы Жаркент қаласында 9 көшеге ағымдағы жөндеу жоспарланса, Көктал, Ақжазық ауылдарындағы Л. Асанова көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал Кішішыған ауылының Бестерек көшесіндегі орташа жөндеу аяқталуда.

Әлеуметтік салада аудан бойынша 6765 жұмыс орны құрылып, 4338 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Білім саласында былтыр Талды ауылында 300 орынды жаңа мектеп салынып, Әулиеағаш орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді. Жаркент қаласындағы 5 мектептің жылу қазандықтары табиғи газға ауыстырылып, қосылды. Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» АҚ Жаркент қаласында 140 орынды балабақша салды. Биылғы жылы да бұл жұмыстар жалғасып отыр. Атап айтсақ, жаңа оқу жылына дейін Сұптай ауылында 120 орынды мектептің құрылысы аяқталады, сондай-ақ Жаркент қаласында жекеменшік екі мектеп қолданысқа берілмек. Биыл Үшарал орта мектебі мен Үлкеншыған ауылындағы «Шұғыла» балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жаркент қаласындағы Головацкий атындағы және Нағарашы орта мектептерін газға қосып, Д. Рақышұлы атындағы өнер мектебіне жөндеу жұмыстары жасалады.

Денсаулық сақтау саласында өткен жылы 6 ауылда дәрігерлік амбулатория, 6 ауылда фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Алтыүй, Нәдек ауылдарында дәрігерлік амбулатория, Ақжазық, Алмалы, Қырыққұдық, Тұрпан ауылдарында және Қорғас, Аққұдық, Сарытөбе, Сұптай, Садыр, Диқан-қайрат ауылдарында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, пайдалануға берілді. Үш ауылда блокты-модульді медициналық пункт орнатылды. Сондай-ақ Үшарал, Сарыбел ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар күрделі жөндеуден өтті. Биыл Жаркент қаласындағы перзентханаға 9,5 миллиард теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмысы және қасына 5 мың шаршы метрлік жаңа ғимараттың құрылысы басталды.

Дәрігердің жеткіліксіздігін шешу мақсатында ауылға барған 14 дәрігерге 10 миллион теңгеден және Жаркент қаласына келген 10 дәрігерге 5 миллион теңгеден біржолғы әлеуметтік төлемдер берілді. Биыл ауданға 11 дәрігер келмек, жалпы 18 дәрігер маман жетіспейді. Соңғы екі жылда 16 медицина қызметкері тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Осы жылы 11 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілмек.

Мәдениет саласында былтыр Тұрпан ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілген, биыл Сарыбел, Ынтымақ ауылдарының мәдениет үйлерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Сұптай ауылындағы Тышқан өзенінің қорғаныс бөгетіне 615 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жаркент қаласындағы «Жаркент мешіті» музейінің маңайы, Головацкий, Жібек жолы – Масаншы көшелері абаттандырылды, Жібек жолы даңғылының шығыс бөлігін көркейту жұмыстары тамыз айында аяқталады.

Жаркент қаласының көркін бұзып тұрған, Кеңес Одағы кезеңінен келе жатқан көп қабатты үйлердің сыртқы келбеті еді. Былтырғы халықпен кездесудегі ОСИ басшыларының өтініші биыл қанағаттандырылып, облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен Жаркент қаласындағы орталық көшедегі көпқабатты 12 тұрғын үйдің сыртқы келбеті мен шатырын жөндеуге қаржы бөлініп, жұмыс қарқынды жүруде, бұл іс шілде айында аяқталады.

Шолуды әзірлеген Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Алдыңғы мақала

Рәміздер – егемендігіміздің тұғыры

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мәслихат маңызды мәселелерді талқылады

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.