Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша басқармасының мерзімді әскери қызметшісі — қатардағы жауынгер Жорабек Ақжол Асқарұлы

20 Шілде, 2025
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша басқармасының мерзімді әскери қызметшісі — қатардағы жауынгер Жорабек Ақжол Асқарұлы
9
БӨЛІСУ
107
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жорабек Ақжол Асқарұлы 2004 жылдың 16 қыркүйегінде Жетісу облысы, Кербұлақ ауданына қарасты Шоқан ауылында дүниеге келген. Туған жердің топырағында елін сүйген, рухы биік азамат болып өсіп, 2025 жылдың 8 наурызында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына шақырылды. Бүгінде Жетісу өңірі шекарасының шебінде Отан алдындағы қасиетті борышын адал өтеп келеді.

Ақжол — арнайы орта білім иесі. Ол Теміржол саласы бойынша жолсерік мамандығын меңгеріп, еңбексүйгіштігі мен тәртіпке бейімділігін әскерге дейін-ақ көрсете білді. Еркін күреспен тұрақты түрде айналысып, аудандық және облыстық жарыстарда жүлделі орындар алып, спорттық шеберлігін шыңдады. Әскер қатарында да осы бағыттағы белсенділігін тоқтатпай, шекарашы жауынгерлер арасында өткізілетін спорттық сайыстарда үздік нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

Қатардағы жауынгер Жорабек Ақжол дене даярлығы бойынша жоғары көрсеткіштерге ие:

  • Денені жерден көтеру жаттығуынан 111 мәрте орындап, 1-орынды жеңіп алды.
  • 10х10 эстафеталық жүгіруде 24 секунд нәтижемен 2-орынды еншіледі.
  • 400 метр қашықтыққа жүгіруде 1 минут 07 секунд көрсеткішпен 3-орынға ие болды.
  • Гир көтеруден 47 мәрте нәтижемен 3-орын алды.

Ақжол көпбалалы отбасынан шыққан, үйдің ортаншы перзенті. Оның екі әпкесі, бір ағасы және бір інісі бар. Жорабек ата-анасының үмітін ақтап, ел тыныштығын күзетуде жанқиярлықпен қызмет атқаруда. Қарулы Күштер қатарындағы әрбір күні жас сарбазды шыңдап, тәртіптілік пен отансүйгіштік қасиеттерін одан әрі қалыптастыруда.

Қатардағы жауынгер Жорабек Ақжол Асқарұлы шекара шебінде өз міндетін абыроймен орындап, ел қауіпсіздігінің сенімді тірегіне айналып отыр. Оның еңбекқорлығы мен жауынгерлік рухы қарулас серіктеріне үлгі болуда.

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

Алдыңғы мақала

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша басқармасының мерзімді әскери қызметшісі – қатардағы жауынгер Қанатұлы Нұрберген

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Іле» шекара бөлімшесінде сарбаздармен кездесу өтті

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.