Сенбі, 25 Наурыз, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Республика күнінің маңызы зор

21 Қазан, 2022
Республика күнінің маңызы зор
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

 Биылғы «қаралы қаңтардан» кейін Ұлытау өңірінде өткен ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде  атап өтуіміз керек. Келмеске кеткен Кеңес одағы ыдырар шақта 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларациясы қабылданды. Бұл тарихи күн еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы», – деп аталмыш күннің маңызын атап өткен болатын.

Осы орайда Парламент Президент сөзін заң жүзінде бекітті. Президенттің әділетті мемлекет құзырына жататын қоғамның әр саласына саяси-реформалар жасауы екінші Республика құрудағы қуатты қадамы деп білемін.

Өз басым қазіргі ел Президентінің суперпрезиденттікті жойып, ендігі болатын Президенттерінің бір мерзімдік жеті жылға сайланады деген тұжырымын дұрыс шешім деп санаймын. Бұл дегеніңіз тамырын тереңге жіберіп, сыбайлас жемқорлық жайлаған жүйеде өздерін «олигарх» санайтын,  әлі күнге дейін алшаңдай басып, қарапайым халыққа шекесінен қарап, тіпті мемлекет тілін қажетсінбестен билікті өз меншігіндей көріп, өз мүдделерін жүргізіп отырған үркердей топқа мемлекет басшысының тегеурінді тосқауылы деп түсінемін.

Енді кезекте биыл 25 қазанды ұлттық мереке ретінде аталып өту кезінде ел санасын оята отырып, өткен тарихымызды да түгендеуіміз керек деп ойлаймын. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы декларация негізінде Қазақстан егемен ел, өз ұстанымы бар мемлекет ретінде таныла бастады. Еліміздің территориялық тұтастығын, егемендігін саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектеуге декларация мұрындық болды. Сондай-ақ тәуелсіздігімізге тұғыр болған да осы декларация екенін естен шығармайық. Сондықтан да 2001-2009 жылдар аралығында мемлекеттік мереке болып саналған, кейін белгісіз себептермен мемлекеттік мерекелер тізімінен сызылып тасталған 25 қазан – Республика күнінің біз үшін қашан да маңызы зор.

Мереке құтты болсын, жерлестер!

Сұлтанғазы ҚОҚАБИ

Алдыңғы мақала

Президент Жетісу облысы жұртшылығымен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тұрғындар қуанышы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
688
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
677
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
483
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
464
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
365
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
365
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
276
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
267
Суан Назар батыр қайда жерленген?

Суан Назар батыр қайда жерленген?

21 Наурыз, 2023
232

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.