Сәрсенбі, 4 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий ұсынылды

28 Қазан, 2026
Шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий ұсынылды
3
БӨЛІСУ
32
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерге тең мүмкіндік беру және олардың жұмысына негізсіз кедергі келтірмеу мәселелеріне тоқталды. Мемлекет басшысы микро және шағын бизнесті тексеруге 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылдық мораторий енгізу мүмкіндігін талқылауды ұсынды.

– Осы тұрғыдан алғанда, 2020–2023 жылдары микро және шағын бизнесті тексеруге енгізілген мораторийдің тәжірибесі пайдалы. Оның тиімділігі дәлелденді. Құрылтай депутаттарына Үкіметпен бірлесіп, алдыңғы мораторийдің барлық оң және теріс тұстарын ескере отырып, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы да үш жылдық мораторий енгізудің орындылығын талқылауды ұсынамын, – деді Президент.

Бұл ұсыныс кәсіпкерлердің жұмысын негізсіз тексерулерден қорғауға және іскерлік белсенділікті арттыруға бағытталған. Дегенмен мораторий енгізу туралы түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы маңызына да тоқталды. Қазір оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 40 пайызға жетіп, негізгі капиталға тартылған инвестициядағы үлесі 70 пайызға жақындаған. Алайда шағын бизнес құрылымында сауданың үлесі басым болғандықтан, кәсіпкерлік саласын әртараптандыру қажеттігі атап өтілді.

– Құжатта кәсіпорындарды ұзақмерзімді қаржыландыру әрі технологиялық тұрғыдан жаңғырту тетіктері көрсетілуі қажет. Орта бизнес өкілдерінің ірі кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеп, оларға өз өнімдерін өткізуіне жағдай жасау керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Үкіметке орта бизнесті дамыту жөніндегі арнайы жоспар әзірлеуді тапсырды. Онда кәсіпорындарды ұзақмерзімді қаржыландыру, өндірісті технологиялық жаңғырту және ірі кәсіпорындармен ынтымақтастықты дамыту тетіктері қамтылуы керек.

Жолдауда кәсіпкерлерді заңсыз кедергілерден қорғау мәселесі де көтерілді. Мемлекет басшысы отандық өндірушілердің, әсіресе азық-түлік саласындағы кәсіпорындардың ішкі нарыққа шығуда қиындықтарға тап болатынын айтты. Кей жағдайда импорттық тауарлардың бағасы қолдан төмендетіліп, отандық өнімдердің нарыққа шығуына әдейі тосқауыл қойылады.

– Басқаша айтсақ, бизнесті қорғау – ұлттық экономиканың дербестігін нығайту деген сөз. Ал бизнеске қолдан заңсыз тосқауыл жасау, бұл – мемлекетке қарсы жасалған қылмыс деп айтсақ артық болмас. Сондықтан кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру, яғни нығайту қажет. Бұл жұмысты сауда бірлестіктері аясында жүргізуге де болады, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент шағын және орта бизнесті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларына тарту тәсілдерін жетілдіруді, жеткізушілерге қойылатын талаптарды жеңілдетуді ұсынды.

Жолдаудағы бұл бастамалар кәсіпкерлікті қолдауға, отандық өндірісті дамытуға және әділ бәсекеге жағдай жасауға бағытталған. Бұл мәселелер Жетісу облысы мен Панфилов ауданы кәсіпкерлері үшін де маңызды. Әсіресе жергілікті өнім өндірушілердің өткізу нарығын кеңейтіп, ірі кәсіпорындармен байланыс орнатуына мүмкіндік жасау өңір экономикасының дамуына ықпал етеді.

Тоқтарбай КЕРІМҚҰЛОВ,

Панфилов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

2027 жыл – жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Смартфон – еңбек етудің жаңа құралы

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
970
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
836
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
819
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
808
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
671
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
654
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
579

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.