Дүйсенбі, 20 Шілде, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті

14 Наурыз, 2026
1
БӨЛІСУ
7
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Талдықорғанда Digital Qazaqstan Battle технологиялық байқауының өңірлік жартылай финалы аяқталды. Аталған алаң еліміздің ең ірі цифрлық форумына қатысуға үміткер өңірдегі ең мықты IT-командаларды біріктірді.

Питч-сессия барысында алдын ала іріктеуден өткен жеті команда өздерінің технологиялық шешімдерін таныстырды. Жобалар медицинадан бастап инклюзивті технологияларға дейінгі әлеуметтік маңызы жоғары салаларды қамтыды.

Жартылай финал аймақтық «Jetisu Digital» хабының алаңында өтті. Барлық жобалар заңды тұлға ретінде тіркеліп, алғашқы сатылымдарын жүзеге асырған.

Талдықорған қаласынан қатысқан «Help Hand» стартаперлер командасы ұлттық «Digital Qazaqstan Battle» байқауының жартылай финалдық кезеңінің жеңімпазы атанды. Енді әзірлеушілер өңір намысын 27 наурыз күні Шымкент қаласында өтетін финалда қорғайды. Жартылай финал аймақтық «Jetisu Digital» хабының алаңында өтті. Барлық жобалар заңды тұлға ретінде тіркеліп, алғашқы сатылымдарын жүзеге асырған.

Талдықорған қаласы бойынша «Astana Hub» халықаралық технопаркінің менеджері Маржан Мүлкібаева қатысушылардың дайындық деңгейі жоғары болғанын атап өтті.

– Бүгін бұған дейін іріктелген он екі команданың ішінен алты команда қатысып отыр. Бұл – ең үздік стартаперлердің жартылай финалы, яғни топ-жобалардың сайысы. Барлық командалар өте мықты, әрқайсысының белгілі бір нәтижелері бар, – деді ол.

Байқаудағы ең жарқын жобалардың бірі – «Help Hand» командасының әзірлемесі. Жобаны №19 орта мектептің 10 «Ә» сынып оқушысы, команда капитаны Рамазан Өмірғали таныстырды.

– Біздің туындымыз – автономды әзірлеу платформасы. Ол кез келген адамға бағдарламалау дағдыларынсыз, тіпті информатика бойынша базалық білімсіз-ақ өз сайтын жасауға мүмкіндік береді. Негізгі ерекшелігі – «Help Hand» платформасы өнімнің кодын іс жүзінде өзі жазады. Сонымен қатар біздің жоба ұқсас өнімдерге қарағанда екі есе арзан әрі үш есе жылдам жұмыс істейді, – деді ол.

Рамазанның айтуынша, стартап идеясын Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі вице-министрі Дмитрий Мун да қолдаған.

– Егер мемлекеттік қызметкер болмасам, сіздердің жобаларыңызға инвестиция салатын едім», — деді. Сондықтан біз жеңіске сенімдіміз, – деп бөлісті команда капитаны.

Қорытындысында қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен жартылай финалдың жеңімпазы «Help Hand» жобасы атанды.

Алдыңғы мақала

Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі аталып өтілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Представители разных этносов Жетiсу открыли декаду Наурыза праздником Көрісу

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.1k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
961
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
819
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
804
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
796
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
665
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
645
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
560

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.