Дүйсенбі, 20 Шілде, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі аталып өтілді

14 Наурыз, 2026
0
БӨЛІСУ
5
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бүгін Жетісу облысы Наурыз мейрамының бастамасы болған Көрісу күні – Амал мерекесін ақ тілекпен, дәстүрлі көрісумен қарсы алды. Салтанатты шаралар облыстың барлы аудан-қалаларында өтті. Соның ішінде Талдықорған қаласының орталық алаңында «Бір көрісу – бір жылдық қуаныш» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Осы күні орталық алаңда Бикен Римова атындағы академиялық драма театрының әртістері мен Д. Рақышев атындағы облыстық филармония әшншілері театрландырылған көрініс ұсынып, көрісу дәстүрі сахналанды.

Сондай-ақ түрлі этнос өкілдері өзара қазақтың «көрісу» дәстүрімен құшақ айқастырып, бір-біріне ақ тілектерін айтты. бұл күннің баршаға ортақ мереке екенін паш етті. Сол сияқты этно-мәдени бірлестіктер мүшелері өздерінің ұлттық билерін көпшілік назарына ұсынды.

Бұдан әрі шара мерекелік концертпен жалғасып, мерекеге арналған өлеңдер оқылды, халық әндері шырқалды. Іс-шара қарияның облыс халқына арнаған ақ бата беруімен түйінделді.

Атап өтсек, облыс әкімінің әлеуметтік желідегі жарияланған құттықтауында «Көрісу күні – Амал мерекесінің» жас ұрпақты тәрбиелеудегі және мәдени мұра мен ұлттық ерекшелікті сақтаудағы рөлі атап өтілді.

— Ақ тілек айтып, жақын жандармен жүздесу достық пен сыйластықты нығайтып, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын бекемдей түседі. Осы жарқын мерекеде әр шаңыраққа ырыс пен бақ ұяласын. Баршаңызға мықты денсаулық, толайым табыс, бейбіт те берекелі ғұмыр тілеймін! – делінген құттықтауда.

Осы күні алаңға келген тұрғындардың бірі Әлия Балжан пікір білдірді:

— Бүгін орталық алаңға Көрісу күніне арналған мерекелік шараны тамашалауға арнайы келдім. Мереке көтеріңкі көңіл күйде өтті, Наурыздың басталғанын сезіндік. Бұл күні адамдар қысты аман-есен өткеріп, көктемге жеткеніне қуанып, бірі-бірімен қол алысады, құшақтасады, өкпе-реніштерін ұмытып, Наурызды жаңа үмітпен, жылы шыраймен, жақсылықпен қарсы алады, — деді ол.

Атап өтсек, бұл күні облыстың барлық аймақтарында Амал күнінің мәнін ашатын дөңгелек үстелдер, концерттер, театрландырылған көріністер және басқа да мәдени-көпшілік шаралар өтуде.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Қанат Өмірәлинов

Алдыңғы мақала

«Болашағың – өз қолыңда»: Жетісуда жастарға арналған профилактикалық кездесу өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.1k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
961
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
819
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
804
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
796
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
665
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
645
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
560

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.