Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды элементі» – депутат Адамбеков

21 Мамыр, 2026
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды элементі» – депутат Адамбеков
1
БӨЛІСУ
14
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Тілектес Адамбековтің Премьер-Министр Олжас Бектеновке «Таза Қазақстан» бастамасын одан әрі дамыту туралы жолдаған депутаттық сауалы.

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы азаматтар арасында кең қолдау тауып, қоғамды қоршаған ортаға ұқыпты қарау идеясымен біріктірген ең маңызды қоғамдық жобалардың біріне айналды. Бүгінде бұл бастама бір реттік акция ретінде емес, жаңа экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастырудың маңызды элементі ретінде қабылдануда.

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының кіріспесінде табиғатты аялау қажеттігі атап енгізілген. Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» бастамасы конституциялық реформаларды іске асырудың және табиғатқа жауапты көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралына айналуда.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында тұрақты даму, экологиялық жағдайды жақсарту, өмір сапасын арттыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде.

Осыған байланысты «Таза Қазақстан» бастамасын одан әрі дамыту мемлекеттік саясатты институционалдандыруға бағытталуы тиіс деп санаймын.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келесілерді қарастыруыңызды сұраймын:

  • барлық саяси партияларға «Таза Қазақстан» қағидаты мен акциясын өздерінің негізгі саяси бағдарламалары мен жарғыларына енгізуді ұсынамын, себебі «Таза Қазақстан» қандай да бір саяси идеология болмасын, барлығын біріктіретін ортақ қағидат, құндылық болу керек;
  • «Таза Қазақстан» идеясы-қағидаты қоғамды жұмылдыра алатын үлкен әлеуеті бар идея. Сондықтан жалпыұлттық қозғалыс немесе тұрақты түрде жұмыс жасайтын штаб құру керек;
  • «Таза Қазақстан» акциясының жүзеге асырылуы бойынша ақпарат тарататын арнайы сайт, платформа және басқа да цифрлық ақпараттық платформалар құру керек;
  • «Таза Қазақстан» акциясы бойынша жыл бойы іс-шаралар өтеді. Бірақ көзге түсетін негізгі шаралар көбіне көктем мен күзде ұйымдастырылады. Сондықтан басқа да жыл мезгілдерінде көзге көрінетін осындай негізгі жобаларды енгізу керек. Мысалы, қоқыс жинау немесе табиғи және тарихи орындарды түрлі жазулардан тазарту;
  • су ресурстарын ұқыпты пайдалануды қамтамасыз ету. Мысалы, ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін жаңбыр суы мен еріген қар суын жинап, тазалап, сақтайтын арнайы резервуарлар мен су қоймалары жүйесін іске қосу арқылы.
  • елді мекендер арасындағы жолдардың бойында көпжылдық ағаштардан «жасыл дәліздер» құру. Бұл қыс мезгілінде қар үйінділерінің пайда болуын азайтып, жолдардың жабылу жиілігі мен ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік береді.
Алдыңғы мақала

Күн энергиясы – келешектің кепілі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Глава государства выступил на церемонии награждения работников культуры и искусства

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.