Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Күн энергиясы – келешектің кепілі

21 Мамыр, 2026
Күн энергиясы – келешектің кепілі
2
БӨЛІСУ
20
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің тұрақты дамуы үшін электр энергиясының маңызы зор екенін атап өткен болатын. Президент алдағы бес жылда қуаты 6,3 гигаватт болатын «жасыл» энергия нысандарын іске қосу жоспарланып отырғанын айтып, Қазақстанның болашағы жаңартылатын энергия көздерімен тығыз байланысты екенін жеткізді. Бұл бастамалар бүгінде өңірлерде нақты жүзеге асып жатыр.

Соңғы жылдары Жаркент өңірі де заманауи технологияларды игеріп, «жасыл» энергетика саласына бет бұра бастады. Әсіресе күн энергиясын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар қарқын алып келеді. Бұл бастамалар ауданның өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, болашақта тұрғындарды экологиялық таза әрі тиімді қуат көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Бүгінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында күн энергиясы арқылы 20 мегаватт электр қуатын өндіретін жаңа стансы құрылысы жүргізілуде. Жалпы аумағы 40 гектар жерді қамтитын жоба – өңірдегі ірі индустриялық-инновациялық бастамалардың бірі.

Жобаны «Jetysu Terra Power» компаниясы жүзеге асыруда. Мамандардың айтуынша, мұнда орнатылатын күн батареялары әлемдік стандарттарға сай жоғары технологиялық үлгідегі құрылғылар болмақ. Фотоэлектрлік қондырғылар жүйесі жоғары сапалы жарық беріп, арнайы термотөзімді әйнектерден жасалған панельдер ұзақ мерзімге төзімді келеді. Сонымен қатар олар толықтай экологиялық талаптарға сәйкес келеді.

Бұл стансы іске қосылған кезде арнайы экономикалық аймақтағы өндіріс орындарын қосымша электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар энергетикалық нарықтағы бәсекені арттырып, электр қуатының қолжетімді болуына оң әсерін тигізбек.

Жаркент өңіріндегі күн энергетикасының дамуына үлес қосып отырған маңызды кәсіпорындардың бірі – Miami Solar күн панельдерін шығаратын өндіріс орны. Бұл кәсіпорын ауданның «жасыл» энергетика саласындағы әлеуетін арттырып, жаңа технологияларды енгізуге жол ашуда.

Панфилов ауданының табиғи-климаттық ерекшелігі күн энергиясын өндіруге өте қолайлы. Күн сәулесінің мол түсуі – баламалы энергия көздерін дамытуға үлкен мүмкіндік. Сондықтан алдағы уақытта Жаркент өңірі Қазақстандағы «жасыл» энергетиканың маңызды орталықтарының біріне айналуы әбден мүмкін.

Бүгінгі таңда әлем елдері қоршаған ортаны қорғау мен энергия тапшылығын еңсерудің тиімді жолы ретінде күн энергетикасына ерекше көңіл бөліп отыр. Осы бағыттағы Жаркент өңірінде қолға алынған жобалар – елдің болашақ дамуына салынған инвестиция әрі келешек ұрпаққа жасалған маңызды қадам.

Қ.Ибрайымжанов

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

Қауіпсіздік пен тәртіп – басты назарда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды элементі» – депутат Адамбеков

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.