Сейсенбі, 1 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Таза табиғат – жарқын болашақтың негізі

16 Мамыр, 2026
Таза табиғат – жарқын болашақтың негізі
2
БӨЛІСУ
28
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» жобасы бүгінде жалпыхалықтық қозғалысқа айналды. Бұл бастама тек сенбілік өткізумен шектелмей, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, жастардың бойына жауапкершілік пен отаншылдық қасиеттерді сіңіруге бағытталған маңызды қадам болды. Осы игі істен Панфилов ауданының жастары мен тұрғындары да шет қалып отырған жоқ.

Жетісудың көрікті өңірі саналатын Панфилов ауданында тазалық пен тәртіп мәселесіне айрықша көңіл бөлініп келеді. Аудан аумағында ұйымдастырылған экологиялық акциялар мен сенбіліктерге жастар, еріктілер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары белсенді қатысуда. Әсіресе, көктемгі-күзгі тазалық айлықтары барысында көшелер, саябақтар, арық-атыздар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылды.

Президент өз сөзінде Таза Қазақстанның» негізгі қозғаушы күші және арқауы – жастар екенін ерекше атап өткен болатын. Расында, Панфилов ауданындағы белсенді жастар бұл бағытта үлгі көрсетіп жүр. Олар туған жердің тазалығына бейжай қарамай, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға атсалысуда. Түрлі экологиялық челлендждер, ағаш отырғызу акциялары, өзен-көл жағалауларын тазарту жұмыстары – соның айқын дәлелі.

Бүгінде аудан мектептері мен колледждерінде экологиялық тәрбиеге ерекше назар аударылуда. Оқушылар арасында «Таза аула», «Таза көше», «Жасыл мекен» секілді акциялар ұйымдастырылып, қоршаған ортаны аялаудың маңызы түсіндірілуде. Бұл – болашақ ұрпақтың табиғатқа жанашыр болып өсуіне ықпал ететін маңызды бастама.

Қазіргі таңда экологиялық қауіпсіздік мәселесі әлемдік деңгейдегі өзекті тақырыпқа айналды. Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы адамзатқа үлкен қауіп төндіруде. Мемлекет басшысы айтқандай, мұндай күрделі мәселелерді бір ел немесе бір мекеме ғана шеше алмайды. Сондықтан қоғам болып жұмылу аса маңызды. Бұл ретте Панфилов ауданында жүзеге асып жатқан жұмыстар – елдік жауапкершіліктің жарқын көрінісі.

«Таза Қазақстан» жобасының басты мақсаты – табиғатты аялау ғана емес, тазалық пен тәртіпті өмір салтына айналдыру. Таза көше, таза аула, таза сана – өркениетті қоғамның айнасы. Сондықтан туған жердің тазалығы әр азаматтың ішкі мәдениеті мен жауапкершілігінен басталуы тиіс.

Жаркенттік жастар Президент жүктеген тарихи миссияны терең түсінеді. Олар тек сенбілікке қатысумен ғана шектелмей, елдің ертеңі үшін еңбек етуге дайын екендерін көрсетіп келеді. Себебі Отанға деген сүйіспеншілік туған жердің бір уыс топырағын, бір тал ағашын құрметтеуден басталады.

Таза табиғат – денсаулық кепілі, ал таза қоғам – жарқын болашақтың негізі. Ендеше, «Таза Қазақстан» бастамасы әрбір панфиловтықтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Өйткені қасиетті Қазақстанның таза, көрікті әрі қауіпсіз болуы – баршамызға ортақ міндет.

Марлан МҰХАМЕДЖАН

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы саммитте талқыланатын жасанды интеллект және цифрлық дамудың өзектілігіне назар аударды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Заңға бағынған елдің болашағы берік

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
965
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
825
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
566

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.