Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам айнасы

Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ІІМ шаралары

3 Сәуір, 2025
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ІІМ шаралары
1
БӨЛІСУ
11
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ішкі істер министрлігі жүйелі түрде азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдап, сондай-ақ қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту бойынша жұмыстарын жалғастыруда

Қазіргі заманғы цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану, жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы кадрлық әлеуетті арттыру қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу ісінде маңызды рөл атқарды.

2025 жылдың басынан бастап республика бойынша тәртіп сақшылары 3,7 млннан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның 3,2 млн жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілері. Жол ережесін бұзғаны үшін полиция қызметкерлері 5 417 «мас» жүргізушіні ұстады. Заң бұзған 116 004 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң қабылданды. 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық сипатта тиісу және өз-өзіне қол жұмсауға үгіттеу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылды. Сонымен қатар балаларды автобустардан түсіруге тыйым салынды. Буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік көзделді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіліп, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырылды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 710 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Ішкі істер министрлігінде әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған арнайы бөлімшелер жұмысын бастады.

Сондай-ақ әрбір білім беру мекемесіне ювеналды полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен криминалдық полицияның жедел уәкілдері бекітілді. Олар балалар мен олардың ата-аналарына құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Мектеп оқушылары мен студенттер арасында заңсыз әрекеттерді анықтау және алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылады.

Биыл барлық мектептер мен колледждерде «111» республикалық байланыс орталығына жедел түрде хабарласуға мүмкіндік беретін QR-кодтар енгізілді, мұнда құқықтық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмек көрсетіледі. Білім беру мекемелерінің кіреберістерінде полиция қызметкерлерінің байланыс деректерімен анонимді шағымдар үшін ақпараттар орналастырылған.

Соңғы жылдары цифрлық технологиялардың жылдам дамуына байланысты интернет-кеңістігінде заңсыз контенттің таралуын тоқтату маңызды міндеттердің біріне айналды. Жыл басынан бері есірткілерді жарнамалайтын 7 мыңнан астам сайт, экстремистік мазмұнды 2 мыңнан астам контент және интернет-алаяқтық белгілері бар 28 мыңнан астам ресурс анықталды.

Барлық аталған шаралар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге және құқық тәртібін сақтауға бағытталған.

Айта кету керек, 2025 жыл Ішкі істер министрлігі тарапынан «Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: полиция «Заң мен Тәртіп» күзетінде» деп жарияланды. Негізгі мақсат – қылмыстардың алдын алу, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою.

Алдыңғы мақала

Өңірде онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау көрсеткіші артып келеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Өткен жылы 660 адамды кене шаққан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
661
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.