Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Өңірде онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау көрсеткіші артып келеді

2 Сәуір, 2025
Өңірде онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау көрсеткіші артып келеді
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысы 2023-2025 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспары іске асырылып жатыр. Оның ішінде қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте анықтау шаралары жүргізілуде. Осы тұста өңірде «Тік ішек пен тоқ ішек қатерлі ісігі туралы» ақпараттандыру айлығы өткізілді.
2025 жылдың басында облыста қатерлі ісік бойынша диспансерлік есепте 7000-нан астам науқас тіркелген. Өткен жылдармен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 1% өсімі байқалады. Науқастар санының аздап өсуіне қарамастан, өңірде ауруды ерте кезеңде анықтау көрсеткіші артып келеді.
Ауру құрылымында бірінші орында сүт безі қатерлі ісігі (13,7%) одан кейін колоректальды обыр (9,2%), өкпе және бронх қатерлі ісігі (7,9%) тұр.
2024 жылы қатерлі ісікке арналған скринингтік зерттеуден 38 мыңнан астам адам өтті, бұл мақсатты топтың 98 пайызын қамтиды. Нәтижесінде диспансерлік есепке 29 пациент алынды. 108 адамда қатерлі ісік алды патологиялар анықталды, осы кезеңде барлық науқас емделді және толық қалпына келгенге дейін мамандардың бақылауында болды.
Сондай-ақ, жатыр мойны қатерлі ісігіне қарсы скрининг те белсенді жүргізіліп, ауруды ерте кезеңде анықтауға ықпал етуде. Қазіргі уақытта 560 әйел есепте тұр.
Өңірде 2024 жылдың күзінде 11 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды. Бұл жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алудағы маңызды қадам. Вакцинация әлемнің 107 елінде, оның ішінде Өзбекстан мен Қырғызстанда да сәтті жүргізілуде.
Онкологиялық аурулармен күресте уақытында дәрігерге қаралу аса маңызды екенін есте ұстауы тиіс дейді. Емханаларда тұрақты тексеруден өтіп, аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Егер шаршағыштық, әлсіздік, ішектің қалыпты жұмысында өзгерістер, іш қату, нәжісте қан байқалса, дене салмағының төмендеуі немесе іштің ауыруы орын алса, шұғыл түрде дәрігерге қаралу қажет дейді онколог мамандар.

Алдыңғы мақала

Жетісу облысына – үш жыл: газдандандырылған елді мекендер саны 5-тен 63-ке жетті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ІІМ шаралары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
661
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.