2026 жылғы 20 мамыр күні Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында жастармен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Тағылымды басқосу барысында ел болашағы, жастардың қоғамдағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және Ата Заңның маңыздылығы жан-жақты талқыланды.
Кездесуге қатысқан жастар өз ой-пікірлерін ортаға салып, ел дамуына қатысты көзқарастарын білдірді. Сонымен қатар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды. Ашық форматта өткен жиын еркін пікір алмасуға мүмкіндік беріп, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыра түсті.
Шара барысында Конституцияның мемлекет өміріндегі орны, азаматтардың құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді. Ұйымдастырушылар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру – болашақтың берік іргетасын қалыптастырудың маңызды тетігі екенін атап өтті.
Мұндай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін күшейтіп, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінуге ықпал етеді. Себебі саналы, білімді әрі белсенді жастар – мемлекеттің жарқын болашағының кепілі.










