Жұма, 20 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жағдай тұрақты – ІІМ және Бас прокуратура дауыс беру процесі жайлы

6 Қазан, 2024
Жағдай тұрақты – ІІМ және Бас прокуратура дауыс беру процесі жайлы
0
БӨЛІСУ
6
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Дауыс беру процесі құқықтық алаң аясында өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокуратура органдары АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізудің заңдылығын жоғары қадағалауды қамтамасыз етеді, ал ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Бас прокуратурасы мен ІІМ өкілдері ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

БП Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Бекжан Қараманов референдум күні, яғни бүгін үгіт-насихатқа тыйым салынғанын еске салды. Сондай-ақ, сауалнама нәтижелерін масс-медиа мен онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейді.

Учаскелік комиссиялардың дауыс беруге арналған үй-жайларда да осындай сауалнамалар жүргізуге де тыйым салынады. Осы талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 және 120-баптары бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Қазіргі уақытта мұндай фактілер туралы хабарламалар түскен жоқ, — деді спикер.

Бекжан Карамановтың айтуынша, референдум туралы барлық өтініштерді соттар мен прокуратура органдары бүгін дереу қарайды.

Дауыс беру процесі құқықтық алаң аясында өтіп жатыр. Референдум комиссиялары мен мемлекеттік органдар тарапынан бұзушылықтар тіркелген жоқ. Референдум өткізудің заңдылығын қадағалауды жалғастырамыз, — деп түйіндеді Бас прокуратура өкілі.

Ел бойынша қоғамдық тәртіпті сақтауға 33 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды. Оның ішінде, 18 мың полиция қызметкері 10 мыңнан астам референдум учаскесінде қызмет атқаруда. ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев осындай деректерді келтірді. Оның айтуынша, басшы және командалық құрамның тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта, қоғамдық тәртіптің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, референдум учаскелерінде алдын ала комиссиялық тексерулер жүргізілді. Олардың техникалық талаптарға сәйкестігі, өртке қарсы қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қорғалуы қаралды. Бұл нысандардың барлығы тәулік бойы күзетке алынды, — деді спикер.

ІІМ ресми өкілі сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің референдум өткізу процесіне араласуға, сондай-ақ, дауыс беруге арналған үй-жайларда болуға құқығы жоқ екенін атап өтті. Олар дауыс беру залына Комиссия төрағасының шақыруымен ғана келеді.

Азаматтар сайлау және республикалық референдум туралы заңның бұзылуы туралы өтініш түсірген жағдайда ішкі істер органдарының кезекші бөліміне ақпарат жіберіп, прокуратура органдарын хабардар етеді.

Ішкі істер министрлігі ел тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады, — деді Шыңғыс Алекешев.

Алдыңғы мақала

Бір әулеттің 10 келіні бірге дауыс берді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұландықтар дауыс беруді алғашқылардың бірі болып аяқтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
717
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
598
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.