Кеңестің мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық тәртіптің маңыздылығын түсіндіру. Іс-шара барысында қатысушыларға заң мен тәртіп қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кеңес ашық форматта өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Кездесу соңында заң мен тәртіпті сақтау – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды кепілі екені атап өтілді.










