«Заң мен Тәртіп» идеологемасы аясында Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы «NURIMED» медициналық орталығында денсаулық сақтау саласының өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және кәсіби жауапкершілікті арттыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету кезінде азаматтардың құқықтарын сақтау, еңбек тәртібін сақтау және заң талаптарын мүлтіксіз орындаудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, денсаулық сақтау саласындағы заң талаптарын сақтау бойынша өзекті мәселелерді талқылап, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.










