Жұма, 17 Сәуір, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

31 Наурыз, 2026
Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді
2
БӨЛІСУ
20
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында жастарға арналған «JASTAR INFO» ақпараттық кеңес беру пункті ашылды. Бұл жоба жастарға қажетті кеңестерді бір жерде шоғырландырып, олардың білім алуына, жұмысқа орналасуына, құқықтық сауаттылығын арттыруға және әлеуметтік мүмкіндіктерді тиімді пайдалануына жағдай жасауға бағытталған, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Іс-шара барысында өңірдегі жауапты тұлғалар сөз сөйлеп, жастар саясатының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар қатысушыларға жаңа ақпараттық пункттің мүмкіндіктері таныстырылып, оның жұмысы жан-жақты көрсетілді. Атап айтқанда, пункт бірнеше негізгі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді. Мәселен, білім беру саласында – мамандық таңдау, оқу орындарына түсу және білім бағдарламалары бойынша кеңес беру, құқықтық бағытта – жастардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заңгерлік кеңес беру және құқық бұзушылықтың алдын алу, NEET санатындағы жастар бойынша – жұмысқа орналасу, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, түйіндеме әзірлеу және сұхбаттан өту дағдыларын дамыту, еңбекпен қамту бағытында – бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру, кәсіби бағдарлау және еңбек нарығына бейімдеуді атап өтуге болады.

— Біздің бастамамызбен жастарды жан-жақты дамытуға бағытталған кеңес беру пункті ашылып отыр. Мұнда жастардың өзіне қажетті бағыт бойынша кәсіби мамандардан тегін әрі сапалы кеңес алу мүмкіндігі бар. Бұл нысан тек ақпарат беру орталығы ғана емес, сонымен қатар жастар мен мемлекеттік қолдау тетіктері арасындағы байланысты нығайтатын маңызды алаңға айналады деп сенемін, — «Jetisu jastary» КММ директоры Шамиль Ванкеев.

Шараға қатысқан жастар да өз пікірін білдірді.

— «JASTAR INFO» пунктінің ашылуы мен үшін қуанышты жаңалық болды. Себебі біз сияқты жастарға болашақ мамандықты дұрыс таңдау, оқу орындары мен білім бағдарламалары туралы нақты әрі сенімді ақпарат алу аса маңызды. Осы пункт арқылы өзіме қажетті бағыттар бойынша толыққанды кеңес алып, болашағыма деген сенімділік пайда болды. Мұндай орталықтардың көбейгенін қалаймын, — деді Аида Карабаланова.

— Мен үшін ең маңыздысы жұмыспен қамту бағыты болды. Осы жерде бос жұмыс орындары туралы нақты ақпарат алып, еңбек нарығының талаптарын түсіндім. Бұрын бойымда сенімсіздік болса, енді қай бағытта даму керектігін түсіндім. Осындай пункттер жастардың жұмыс табуына лң ықпалын тигізеді деп ойлаймын, — деді Данияр.

Алдыңғы мақала

Инфекциялық емес аурулар

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан саяси трансформацияның маңызды кезеңіне қадам басты — The National Interest журналында Тоқаевтың мақаласы жарияланды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
798
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
795
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
759
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
658
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
631
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
550

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.