Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысына – үш жыл: газдандандырылған елді мекендер саны 5-тен 63-ке жетті

2 Сәуір, 2025
Жетісу облысына – үш жыл: газдандандырылған елді мекендер саны 5-тен 63-ке жетті
1
БӨЛІСУ
10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Облыс құрылғанға дейін Жетісу өңірінде небары тек 5 елді мекен газдандырдырылған болса, соңғы үш жыл ішінде тағы 58 елді мекенге табиғи газ жеткізілді. Сөйтіп облыста бүгінгі күні 63 елді мекенге газ тартылды, соның 30-ы өткен жылы көгілдір отынға қол жеткізді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы, газдандыру – Президенттің тапсырмасына сәйкес облыс басшылығы ерекше мән беріп отырған басым бағыттардың бірі. Соған сәйкес соңғы үш жыл ішінде газдандыру деңгейі 27%-ға артып, 56,5%-ға жетті. Ал 2025 жылдың соңына дейін өңірде газдандыру деңгейі 71,4% болып, Панфилов ауданын қоса алғанда, Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі 500 мыңнан астам халқы бар 126 елді мекен газға қол жеткізе алады.

Тұрғындардың айтуынша, көгілдір отынның келуімен бірге ауылдағы тұрмыс та жайлы бола түскен:

— Біздің ауылға газ 2023 жылдан бастап беріле бастады. Көгілдір отын жеткізіледі дегенді естігеннен кейін отбасымызға жаңа үй тұрғыздық. Енді пеш жағудың, көмір-отын тасудың қажеті болмайды. Қазір жаңа үйімізде газ да, су да бар. Мемлекет тарапынан ауылдық жерге барлық жағдай жасалып жатқаны қуантады, — деді Көксу ауданы Алдабергенов ауылының тұрғыны Құдайберген Махметов.

Сонымен қатар 2024 жылдың тамыз айында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы басталды. Бұл жобаны іске асырудың нәтижесінде Алакөл, Ақсу, Сарқан аудандарының 66 елді мекені газбен қамтамасыз етілмек.

Сондай-ақ алдағы уақытта облысты табиғи газбен қосымша қамтамасыз ету үшін «Алматы — Талдықорған» лупингісінің (екінші тармағы) құрылысын салуға қатысты дайындық жүргізілуде.

Атап өтсек, газдандыру ісі барысында 1800-дей тұрақты және уақытша жұмыс орындары ашылды.

Газ қостыру құнына тоқталсақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қабылданған шаралардың арқасында бәсекелестік ортаны дамыту арқылы газ қостыру құнын қазандық пен қажетті жиынтықтарды қоспағанда 170-175 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік туды (газ құбырының ұзындығы 25 метрге дейін). Сонымен бірге бір жарым жылдың ішінде 1600 газ қазандығын сатып алуға 500 миллион теңге бөлінді, тұрғындарға қазандықтың төлемін 10 айға дейін бөліп төлеуге жеңілдікті жағдай жасалып отыр.

Жалпы, 2029 жылға қарай Жетісу облысында газдандыруға жататын 192 елді мекенге толықтай газ тартылады. Соның арқасында 624 мыңнан астам тұрғын немесе өңір халқының 91%-ы көгілдір отынға қол жеткізе алады.

Осылайша жетісулықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған газдандыру жұмысы әкімдік тарапынан алдағы уақытта да жалғасады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 71,6 миллион теңге көлемінде грант бөлінеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Өңірде онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау көрсеткіші артып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
661
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.