Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Жетісу жеріндегі туризм су, экология және тау туризмін тірек етеді

5 Наурыз, 2025
Жетісу жеріндегі туризм су, экология және тау туризмін тірек етеді
1
БӨЛІСУ
15
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу жеріндегі туризмді дамыту су, экология және тау туризмдеріне арқа сүйейді, яғни 5 дестинацияға негізделген. Атап айтқанда, олар – Алакөл, Балқаш көлдері, «Жоңғар Алатауы» мен «Алтынемел» Ұлттық парктері және тау туризмі. Инфрақұрылымды дамыту бағытында қабылданған шаралардың арқасында өткен жылы өңірдің туристік нысандарына 2 миллионнан астам адам келді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық. Ал өңірдің туризм саласына тартылған инвестициялар көлемі шамамен 12 млрд. теңгеге жетті, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, өңірде туризмді дамыту мақсатында туристік объектілерге апаратын жолдар мен инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Мәселен, бірінші кезекте Алакөл көліне көлікпен жетуге қолайлы жағдай жасалған.  Атап айтқанда, «Талдықорған – Үшарал» (313,5 км) және «Үшарал – Достық» (184 км) автомобиль жолдары, сондай-ақ әуежайдың ұшу-қону жолағы қайта жаңартылды. Осы орайда пойыздар саны 12-ге дейін ұлғайтылды. Осылайша көлге Астана, Алматы, Өскемен, Семей және Қызылорда қалаларының пойыздары, сондай-ақ «Астана – Достық» бағыты бойынша «Тальго» пойызы қатынайды. 2025-2027 жылдары жоғары вольтты электр беру желілерін, кәріз тазарту құрылыстарын салу және жағалауды нығайту арқылы Алакөл жағалауының инфрақұрылымын дамыту жалғасады. Сонымен қатар электр энергиясының жетіспеушілігі мәселесі де шешілуде.

«Уақытша шара ретінде өткен жылы қуатты трансформаторлар орнатылды. Проблеманы түпкілікті шешу үшін Бескөл-Ақши электр беру желілерінің құрылысы басталды, биыл аяқталады деп жоспарланып отыр, электр қуаты Бескөл ауылына ғана емес, Ақши жағалау аймағына да үздіксіз жеткізілетін болады. Келесі кезеңде энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін электр беру желісі Көктұмаға дейін созылады. Сонымен қатар биылғы жылы Алакөл көлінің жағалауын нығайту жұмыстарына республикалық бюджетке қаржы бөлінді», — делінген басқарманың хабарламасында.

Осы орайда Алакөл курорттық аймағындағы туризм нысандары санының 1,5 есеге жуық өскенін де атап өткен жөн.

Шағын авиация мен су көлігінің қызметін реттеу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Алакөл мен Балқаш көлдерінде су көлігін тұраққа қою мен пайдаланудың, сондай-ақ ұшу аппараттарын қолданудың қағидаларын белгілейтін нормативтік акт әзірленді.

Өңірде туризмді дамытуда Балқаш көлінің маңызы зор. Көлге апаратын жолды жөндеу жұмыстары сәуір айында басталып, мамыр айында, яғни шомылу маусымы басталғанға дейін аяқталады. Сонымен қатар өткен жылдан бастап Лепсі станциясынан Балқашқа дейін электр беру және сумен жабдықтау желілері тартылуда, биыл аяқтау жоспарланған. Ал мұнан кейін көл жағасында 16 шақырымдық рекреациялық аймақты жайғастыру жұмыстары басталады деп межеленіп отыр.

«Алтынемел», «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктерінің және Жоңғар Алатауы тау алабының әлеуетін ескере отырып, өңірде экологиялық туризм белсенді дамытылуда.

— Мәселен, 2023 жылы «Алтынемел» ұлттық паркінде жеке инвестиция есебінен визит-орталық салынды, ал өткен жылы жергілікті бюджет есебінен Сарқан ауданының Тополевка ауылында заманауи визит-орталық ашылды. Бұдан бөлек, Бұрқанбұлақ сарқырамасына дейінгі 30,8 км жолдың құрылысын және Текелі қаласында заманауи тау  шаңғысы кешенін салуды бастау жоспарланып отыр. Облыста «Қорғас» ХШЫО-ның әлеуетіне сай трансшекаралық сауда туризмін дамытуға ерекше мән беріледі. Сонымен бірге «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында халықаралық жолаушы және жүк әуежайын салу жөнінде бірлескен Қазақстан-Германия жобасын іске асыру жоспарланған, бұл алыс шетелден аймаққа келетін туристер легін арттыруға мүмкіндік береді, — деді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Данияр Ысқақов.

Жыл сайын өңірде «Сиверс алма ағашының гүлденуі», «Alakol fest» фестивальдары, «Алтынемел-құландар мекені» экофестивалі сияқты имидждік шаралар тұрақты өткізіледі. Ал Алакөл ауданы Лепсі ауылы ұлттық байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік туристік ауылы болып танылды.

Жалпы Жетісу облысының аумағында 442 туристік нысан орналасқан. Өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңірде ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 6,6 млрд. теңгеге жетті.

Фотолар Жеңіс Ысқабайдан, Дмитрий Ерофеевтен,

сол сияқты бірқатар фотосуреттер

облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды.

Алдыңғы мақала

БҰҰ Бас Ассамблеясы Алматыда аймақтық орталық құру туралы қарар қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тағдыр мен еңбек тоғысқанда…

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
661
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.