Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысына – 4 жыл: 8 жедел басқару орталығы құрылып, полиция қызметі үшін 289 бірлік қызметтік автокөлік сатып алынды

25 Маусым, 2026
Жетісу облысына – 4 жыл: 8 жедел басқару орталығы құрылып, полиция қызметі үшін 289 бірлік қызметтік автокөлік сатып алынды
2
БӨЛІСУ
21
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев полиция қызметкерлері мен өңірдегі ішкі істер органдары ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өңір басшысы өз сөзінде олардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қосып отырған маңызды үлесін атап өтті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара дәстүр бойынша қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Мұнан соң Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында салтанатты жиын ұйымдастырылып, онда облыс әкімі құттықтау сөз сөйледі.

— Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы елдегі түбегейлі реформалардың негізі болып отыр. Оны жүзеге асыру құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның міндеті. Әділетті қоғам құрып, заң үстемдігін нығайту жолында әрбір полиция қызметкері өз міндетін адал атқаруы тиіс. Біз өз тарапымыздан  қажетті қолдау көрсетеміз, — деген Б. Исабаев, облыста ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Осы жиында Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Ермек Исаев, Қаратал аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Берік Бибеков, Ескелді аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Нұрсейіт Абдрахманов, сондай-ақ Сарқан ауданы мен Текелі қаласы полиция бөлімдерінің тергеу бөлімшелерінің тергеушілері, полиция аға лейтенанттары Диас Тошанов пен Әділет Байсаринов облыс әкімінің қолынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарға ие болды.

Сонымен қатар бірқатар полиция қызметкерлеріне арнаулы атақтар беріліп, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен, сондай-ақ Ішкі істер министрінің грамотасымен және Алғыс хаттымен марапатталды. Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Облыстық полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары Айдын Сүлейменов:

– Жетісу облысы полициясының қатарында екі мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Олардың қай-қайсысы да уақытпен санаспай, күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау жолында қызмет атқарып келеді. Біз мамандардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені қазіргі заманда интернет-алаяқтық сияқты қылмыс түрлері кең етек алды. Сондықтан біздің басты міндетіміз – осы бағытта да халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деді ол.

отставкадағы полиция полковнигі, ішкі істер органдарының құрметті ардагері Болат Молдабеков өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді:

– Қазір мен зейнет демалысындамын. Соған қарамастан жас полиция қызметкерлеріне қолымнан келгенше қолдау көрсетуге тырысамын. Ардагерлер ұйымының құрамында мектеп оқушыларымен, студенттермен кездесу өткіземіз. Өйткені жастар арасында патриоттық құндылықтарды дәріптеу, құқықтық мәдениет пен құқықтық сауаттылықты қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі, – деп атап өтті.

Айта кетейік, облыс әкімдігінің қолдауының арқасында 2022 жылдан бастап өңірлік Полиция департаментінің материалдық-техникалық базасы заманауи техникамен, арнайы құрал-жабдықтармен жүйелі түрде жабдықталуда. Құқық бұзушылықтарды жедел анықтау мақсатында аудандық және қалалық полиция бөлімдеріне, сондай-ақ департамент басқармаларына 31 дрон берілді. Сонымен қатар өңірде 1415 бейнебақылау камерасы орнатылып, биыл тағы 220 камераны іске қосу жоспарланып отыр. Соңғы жылдары 289 бірлік қызметтік және арнайы автокөлік сатып алынды. Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудандарда 8 жедел басқару орталығы құрылды, 6 әкімшілік ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Сарқан ауданындағы Лепсі ауылында күрделі жөндеуден өткен полиция пункті қайта пайдалануға берілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өңірде қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 36 %, ал қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 44 % төмендеді.

Алдыңғы мақала

Бейбіт Исабаев: «Кадр ауысымдылығы небәрі 3%, яғни республика көлемінде Жетісуда кадр тұрақтылығы жоғары деңгейде сақталып отыр»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу полицейлері мерейленді

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.